"Сырдария" университетінің мұражайы туристік маршрут аясында!

Университет мұражайы – жастарға терең тәлім-тәрбие, өткеннен өшпес-өнеге, болашаққа берік бағдар беретін таптырмас құндылықтармен толыққан құтты мекен. Аталған құндылықтарды халық жадына жайластыру үшін тоқтаусыз еңбек етіп, тарихы терең өлкеміздің өткенін мүлтіксіз баяндаумен келеміз. Осы мақсат жолында мұражайымыздың жұмысын 2016 жылы Түркістан облысының туристік маршуртына енуі жандандыра түсті. Нәтижесінде мұражайымыздың танымдық аясы кеңейіп, отандық және шетелдік саяхатшылардың ел тарихын тереңнен танып, көңіл сарайы кеңінен ашылуына мол үлес қосты. Сонымен қоса туристік маршут бағдарламасы арқылы басқа ЖОО студенттері мен қызметкерлері де құнды мәліметтерді өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарына арқау етіп келеді.
Қорыта айтқанда төл тарихымызды қазағымның қаймағына жеткізу арқылы жастарымыздың рухани құндылығын жоғарылатып, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, болашағымыздың ғұмырлы ету жолында зор мақтанышпен қызмет етіп келеміз !