Алаштың қилы жолдары

«Отан және шетел тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Алаш қайраткерлерінің ұлт мүддесі жолындағы күресі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің деканы т.ғ.к., доцент М.Б. Мейірбеков, «Білім беру технологиялары» кафедрасының меңгерушісі К.Ә. Исаева., п.ғ.к., доцент Т.И. Кокумбаева., «Ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі М.М.Исламова және кафедра профессор-оқытушылар құрамы мен жалынды жастыр қатысты.

Іс-шара мақсаты: Алаш қозғалысы және Алаш партиясын құру, уақытша үкімет беделінің төмендеуі және ұлттық мемлекет құру идеясының жандануы туралы, қоғамдық өмірдегі саяси шиеленістер кезеңінде қазақстанның саяси жағдайы, ұлт зиялыларының іс-әрекеттері мен нәтижелерін көрсету.Ұлттық бірлік, ұлттық тұтастық хақындағы білім алушылардың отаншылдық сезімін ояту.

Іс-шара барысында білім алушылар, атап айтқанда:  Оразбай Ержігіт, Әлімбай Күланда, Пердехан Абзал, Сайыпов Рахымбек, Есіркепова Аружан, Ермек Жансұлу Алаш автономиясының құрылуы мен оның тағдыры, ұлт көшбасшыларының ерліктері мен ерен еңбегін дәріптеу арқылы көрермендер жадын қайта жаңғырта түсті. Іс-шара соңында көрермендер өздерінің ыстық ықыласын білдіріп, мол тарихи мағлұматтармен байытыла алғандығын айтып өз алғыстарын білдіріп өтті.