Университетімізде Халықаралық деңгейдегі конференцияның пленарлық мәжілісі болып өтті

2021 жылдың 24 қарашасы күні сағат 11:00-де «Сырдария» университетінің виртуалды залында «Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде – ұлттық дамудың ұтымды жүйесін нығайту» атты халықаралық форум аясында «Тәуелсіз Қазақстан: заманауи білім әлеуеті мен жетістіктер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі болып өтті. Мәжілісті университет ректоры, философия докторы (PhD) Тоқмұрзаев Бақыт Салманұлы Алғы сөзбен ашып беріп, толық жүргізіп отырды.
Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Түркия Республикаларынан беделді қонақтар, ғалымдар қатысып, өз ыстық ниет құттықтаулары мен ғылыми баяндамаларын оқыды. Жалпы қатысушы қауым Пленарлық мәжілістің жоғары деңгейде өтілгендігіне өз ризашылықтарын білдірді.