"Сырдария" университетіне қош келдіңіздер!

Құрметті бірінші курс студенттері !!! 
"Сырдария" университетіне қош келдіңіздер!

Университет кітапханашылар ұжымы атынан:
Сіздерді осы атаулы мерекемен, яғни қызығы мен шыжығы мол студенттік өмірге алғаш рет басқан қадамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерге тілеріміз, осы оқу орнын жыл сайын бітіріп жатқан біздің үздік түлектеріміз секілді ғылым-білім бұлағынан нәр алып, еліміздегі ең үздік оқу ордасының абыройын одан әрі асқақтата беруге өз үлестеріңізді қосасыздар деп біз кәміл сенеміз. Ол үшін ерінбей, қажымай-талмай еңбектену керек. Ең бастысы, өзіңізге, күш-жігеріңізге сенімді болыңыз. Бұл жерде терең білім алып, сол білімдеріңізді еліміздің күш-қуатын арттыруға жұмсау үшін сіздерге жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Сол жолда сіздерге сәттілік,шығармашылық табыс пен жетістіктер тілейміз.