Құрметті әріптестер және «Сырдария» университетінің студенттері!

Күздің алғашқы күні ерекше қуанышпен, толқумен күтетін мереке – Білім күні келеді. Бұл жемісті жұмыстың, білім мен жаңалықтардың таңғажайып әлемін түсінудің жаңа кезеңінің басталуы.
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! 
Бұл күні бірінші курс студенттерін ерекше құттықтағым келеді. Сіздерді жаңа білімге, ғылыми жаңалықтарға және шығармашылық өрлеуге толы қиын, бірақ қызықты және ұмытылмас студенттік шақ күтуде. Сіздердің көпшілігіңіз біздің университеттің дамуына елеулі үлес қосатындарыңызға күмәнім жоқ!
Құрметті профессор-оқытушылар мен қызметкерлер! Біздің болашақ жеңістеріміз бен ғылыми жетістіктеріміздің негізі болып табылатын маңызды және жауапты жұмыстың жаңа кезеңі басталады. Сіздердің кәсіби еңбектеріңіз үшін алғысымымды және шығармашылық табыстар мен жетістіктер, ең батыл жобаларды жүзеге асыруға тілектеспін.

Ізгі ниетпен, ректор м.а. Бақыт Салманұлы