Ақпараттық технологиялар бөлімі

Шпенглер Сергей Андреевич

Ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі

✆ Телефон: +7 777 356 46 77

✉ E-mail: shpenglersergej@mail.ru


💾 Университеттің ресми сайты туралы ереже

💾 Электронды оқулықты әзірлеу

☑ Бейнеролик: https://youtu.be/sX4nrbPorTk

2020-2021 оқу жылы Ақпараттық технологиялар бөлімінің жылдық жоспары

2020-2021 оқу жылына бөлім университеттің имиджін жан-жақты нығайтуға ықпал ететін 5 негізгі іс-шараны атап өтті:
1. "Цифрлық сауаттылық" біліктілікті арттыру курсын ұйымдастыру
2. Университеттің ресми сайтын жаңарту және дамыту
3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
4. Университеттің электронды кітапханасын ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
5. Веб-сайттағы техникалық жұмыс және корпоративті поштаны басқару. Төменде орталықтың ағымдағы оқу жылына арналған негізгі жұмысының жоспары көрсетілген.
 

Жоспарланған жұмыстар Мерзімі
1 Университет қызметкерлеріне арналған «Цифрлық сауаттылық» біліктілікті арттыру курсын ұйымдастыру.
1. Оқу бағдарламасын және жұмыс кестесін құру. Тестілеуге тест тапсырмаларын дайындау.
2. Оқу процесі мен тестілеуді ұйымдастыру.
3. Сертификаттарды дайындау.
Қараша 2020 –
Ақпан 2021
2 Университеттің ресми сайтын жаңарту және дамыту
1. Сайттың келесі бөлімдерін үнемі жаңарту: жаңалықтар, хабарландырулар, құттықтаулар, бұқаралық ақпарат құралдары.
2. Кафедралардың, факультеттердің, бөлімдерінің материалдарын жаңа материалдардың пайда болуына қарай жаңарту. Мәселен, аккредитацияға дайындық кезінде университеттің барлық бөлімдерінен әртүрлі материалдар алынды: есептер, презентациялар, фотосуреттер мен бейнематериалдар. Олардың барлығы сайтта тиісті бөлімдерде жарияланған.
3. Түлек бөліміндегі мазмұнды кеңейту. Түлектердің фотосуреттерін өңдеу және барлық пікірлерді сайтқа «Бітірушілердің  пікірлері» рубрикаға аудару жоспарланған.
4. Сайт интерфейсінің тақырыбымен жұмыс жасау, жаңа дизайн тақырыбын таңдау (Design theme), оны іске қосу. Қазір сайтта 3 тақырып бар: негізгі интерфейс тақырыбы (Samara), нашар көретіндерге арналған интерфейс тақырыбы (Visually Impaired Theme) және сайтты басқаруға арналған тақырып (Seven).
5. Сайттың мобильді нұсқасын жасауды бастау.

Қыркүйек 2020

Мамыр 2021

3 Бұлтты сақтау арқылы университеттің ішкі құжаттамасына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
1. Университеттің құрылымдық бөлімдерінің барлық электрондық құжаттамаларын жинауды ұйымдастыру.
2. Бірыңғай бұлтты сақтаудың жұмысын қамтамасыз ету.
Қараша 2020 –
Мамыр 2021
4 Сайтта үнемі техникалық жұмыстар жүргізу.
1. Мәліметтер базасының және сайттың резервтік көшірмесін аптасына кемінде бір рет жасау.
2. Кіріс пікірлерін тексеру, спамдарды тазарту, жаңа сайт тіркелгілерін қосу және басқару. Корпоративті электрондық поштаны басқару (http://webmail.sirdariya.kz/).
Қыркүйек 2020 –
Мамыр 2021

 

💾 2020-2021 оқу жылына арналған ақпараттық технологиялар бөлімінің есебі

💾 Отчет отдела информационных технологий за 2020-2021 учебный год

💾 Moodle платформасын пайдалану туралы қысқаша ақпарат

💾 Қашықтықтан оқыту үшін Moodle жүйесіне жүктелген 264 бейнедәрістер туралы мәліметтер

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы

💾 «ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы (Мерзімі: 16 қараша 2020ж. – 12 ақпан 2021 ж.)

«Цифрлық сауаттылық» оқытушыларға арналған оқыту курсының 1-ші ағымы аяқталды

«Цифрлық сауаттылық» оқытушыларға арналған оқыту курсының 2-ші ағымы аяқталды

"Цифрлық сауаттылық" оқытушыларға арналған оқыту курсының 3-ші ағымы аяқталды

"Цифрлық сауаттылық" оқытушыларға арналған оқыту курсының 4-ші ағымы аяқталды

💾 "Цифрлық сауаттылық" біліктілікті арттыру курстары туралы сертификаттарын тіркеу журналы, сертификаттар, тест жинақтары, курс бойынша талдау.

 

«Цифрлық сауаттылық» біліктілікті арттыру курсын ұйымдастыру

1

Университеттің ресми сайтында жарияланған оқиғалардың динамикасы

2

Веб-сайт кірудің динамикасы

3

Электрондық оқулықтарды дайындау жоспары

3

Электрондық оқулықтардың қысқаша мазмұны (баспа түрінде)

1

Электрондық кітапхана қорының өсу динамикасы

41

Ғылыми кеңеске есеп беру

2021 жылы 24 ақпанда Ғылыми кеңес отырысында «Университетте «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру: жағдайы, мәселелері, қызмет бағыттары» тақырыбында презентация көрсетілді. Есеп беру барысында келесі мәселелер қаралды: ақпараттық технологиялар бөлімінің негізгі бағыттары, SWOT талдау және қарар жобасы. Кеңес мүшелері кафедраның сапалы жұмысын атап өтті.


Алдыңғы оқу жылдарында орындалған жұмыстар

 

1. Жаңа электрондық оқулықтарды дайындау. Электронды кітапханасының қоры және ҚР ЖОО мен әрекеттестік. Электронды кітапхана қорын құру. Электрондық кітапханадағы Интернет – қорларын арттыру.

«Сырдария» университетінде 2005-2020 оқу жылдар аралығында 320 электронды оқулықтар жасалған. Өңдеу кезінде профессор-оқытушы қажетті оқу материалдарын (силлабустар, КТЖ, жұмыс бағдарламалары, ОБСӨЖ мәтіндері т.б.) пайдалануға берді.

Барлық электрондық оқулықтар Internet Explorer және басқа браузермен ашылады. Оқытушылармен бірге электрондық оқулықтарға қосымшалар еңгізіліп, осы электрондық оқулықтармен ашық сабақтар өткізіледі.

Жаңа оқулықтар университеттің электрондық қорларының каталогіне қосылады және оларды студенттер мен оқытушылар белсене қолдана алады. Электронды оқулықтардың сілтемелері ЖОО ассоциациясы (РМЭБ) қауымдастығына берілген.

2. Университет оқытушылары мен студенттерінің біліктілігін артыру "Интерактивті мультимедиа тақтасын тиімді пайдалану"
3. Университеттің веб-сайттары және компьютерлік сыныбын техникалық жағынан басқару.

Университеттің ресми сайты және электронды кітапхананың қоры

Университет электронды кітапханасы сайтының қоры (www.ko-sirdariya.kz) төмендегі бөлімдерге бөлінген:
1. Фотогалерея
2. Электрондық оқулықтар, кітаптар, нұсқаулар, тесттік сауалнамалар
3. Силлабустар
4. ОБСӨЖ мәтіндер, тапсырмалар
5. Ғылыми мақалалар
6. Университеттің ресми сайты www.sirdariya.kz;
7. 7СЫР газетінің сайты
8. Платон жүйесіне сілтеме

"Интерактивті тақтаны оқу процесінде пайдалану" біліктілігін арттыру курсы

2009 жылдан бастап орталық жыл сайын 3 және 4 курс студенттеріне «Интерактивті тақтаны оқу үрдісінде пайдалану» біліктілігін арттыру курстарын өткізіп келеді. 11 жыл ішінде 2029 студент сертификат алды.

2015-20162016-2017.

2005 жылдан бастап орталық университет оқытушыларымен бірге жаңа электронды оқулықтарды белсенді түрде әзірлеуде, қазір 319 данасы бар, олардың көпшілігі авторлық куәлікке ие.

Сондай-ақ, оқытушылармен бірге университет студенттеріне қашықтықтан оқытуға арналған видео дәрістер дайындап жаңа электронды басылымдармен толықтырылып отырады. 

Орталықтың инфрақұрылымы қазіргі таңда 8 компьютерлік сынып, 5 мультимедиялық кабинет, 2 электрондық оқу залы және 2 лингафон кабинеттерімен жабдықталған. 

Бұл жағдай интернетке қосылудың жоғарғы жылдамдығы мен жаңа технологияларды қолдануда интербелсенді тақталармен жұмыс жасауды, онлайн-семинарлар мен видеоконференциялар ұйымдастыруды жүйелі жүргізіп отыруға мүмкіндік береді.

Электрондық кітапхана ресурстары бойынша «Сырдария» университеті Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында үздік ондықтың төртінші сатысында тұр.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.