2021-2022 оқу жылына магистратураға қабылдау

📆 Өтініштер қабылдау мерзімі – 1 маусым – 15 шілде 2021 жыл
📆 Оқуға түсу емтихандарын өткізу мерзімі – 20 шілде – 10 тамыз 2021 жыл
📆 Магистратураға қабылдау – 2021 жылдың 28-ші тамызына дейін
 

  • КТ аймақтық тестілеу орталықтарында өткізіледі;
  • Өтініштерді қабылдау ҚР БҒМ ҰТО АЖ арқылы онлайн режимде іске асырылады;
  • Тестілеу кезінде тұлғаны сәйкестендіру көлемді-кеңістіктік (Face ID) нысанды сканерлеу арқылы жүзеге асырылады;
  • Магистратураға КТ компьютерлік форматта өтеді;
  • Электронды сертификат беру қарастырылған;
  • Апелляция онлайн форматта. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсуші тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады;
  • Магистратураға түсушілер ҰТО сайтында байқау сынағынан өте алады.
     

Кешенді тестілеу (КТ):

  • Шет тілі бойынша тест немесе шет тілін меңгергенін растайтын сертификат;
  • Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
  • Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

Білім беру бағдарламаларын таңдау, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу  немесе ақылы негізде оқу бойынша сұрақтарыңызды qabyldaukomissiyasy@gmail.com электронды поштасына жолдасаңыз болады. Толығырақ мәлімет алу үшін байланыс телефондары: + 7 702 138 03 10

 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымы № 237 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «__» _______  №____  бұйрығына  8 қосымша

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 7-қосымша

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

 

Тест түрлері

Тапсырма нысаны

Тапсыру тілі

Тапсырма

саны

Балл

Шет тілі бойынша тест*

Тыңдалым 

Лексика-грамматикалық тест

Оқылым

Ағылшын/ Неміс/ Француз

50

50

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

30

30

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест **

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

30

30

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

20

40

Барлығы

 

 

130

150

* араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсу үшін араб тілінен түсу емтиханы  тапсырылады.

** шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады.

 


 

Білім беру бағдарламаларының бейіндік тобы бойынша тест тапсырмаларының байқау сынағы http://www.testcenter.kz сайтында «Магистратура мен докторантураға түсушілерге» бөлімінің «Тестілеу форматы» «Кешенді тестілеу» «Онлайн байқау сынағы тапсыру» бөлімшелерінде жақын арада жарияланады.

            «Онлайн байқау сынағы тапсыру» бөлімшесіне сілтеме: http://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/vstupitelnye-ekzameny/podgotovka-pretendentov-k-vstupitelnomu-ekzamenu-po-inostrannym-yazykam-postupayushchim-v-magistratu/index.php. Қазіргі уақытта тек шет тілдерінен тест тапсырмаларын қарауға болады.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.