SU Debate

Syrdariya University Students’ Union ұйымдастыруымен студенттік пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа 2 команда қатысты. Білім алушылар “Бұл үй, белсенді студенттік өмір маңызды деп санайды ” тақырыбында пікір таластырды. 

Дебат 3 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде командалар жеке көзқарастарын таныстырды. Екінші кезеңде қатысушылар қарсы тарапқа сұрақ қойып пікір таластырды. Үшінші кезеңде екі тарапта сындарға жауап беріп, өз аргументтерін нығайтты. 

Пікірсайыс - білім алушыларға кез келген тақырыпта ой алмасуға , өз позициялары мен дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Бүгінгі пікірсайысқа қатысушы білім алушылар студенттік белсенді өмірдің маңыздылығын жоғары бағалап, әрқашан белсенділік танытуға шақырды.