қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

ЗАҢГЕР


Малдыбекова Апельсин Сапарқызы
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

Заң бөлімі «Сырдария университеті» шаруашылық жүргізу құқындағы РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол Университеттің мүддесін қорғауға, оның қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз етуге, оның жұмысының құқықтық қамтамасыз етілуін ұйымдастыруға арналған. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Университеттің ішкі нормативтік құжаттарына, университеттің жарғысына, еңбек тәртібі ережелеріне, университет ректорының немесе ректор аппараты жетекшісінің бұйрықтарына және өкімдеріне, Сапа саласындағы саясатқа және мақсаттарға, Сапа жөніндегі басшылыққа, осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Заң бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

  • университет қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
  • университеттің мүліктік және басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау;
  • мемлекеттік органдарда және барлық меншік түріндегі ұйымдарда Университеттің мүдделерін қорғау;
  • нормативтік актілер, бұйрықтар, шешімдер және басқа да ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу;
  • университеттің құрылымдық бөлімшелері дайындайтын ішкі нормативтік құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жасау;
  • университеттің құрылымдық бөлімшелеріне заң тұрғысынан көмек көрсету, құқықтық мәселелер бойынша қызметкерлерге кеңес беру;
  • университеттің заң бөлімі құзырына кіретін басқа да мәселелерді қарастыру.



Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters