қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

Мұрағат

Мұрағат меңгерушісі: Ирсимбетова Айткул Молдамуратовна

Телефон: 8(72534) 6-14-63

E-mail: sirdariya@mail.ru

Дүйсенбі-жұма сағат 9:00-18:00-ге дейін (түскі үзіліс: 13:00-14:00-ге дейін)

Университетте мұрағат қоры құжаттарын, сонымен қатар оның құрамына жатқызылмаған құжаттарды жинақтау, уақытша сақтау және пайдалану мақсатында ведомстволық мұрағат құрылды, ведомстволық мұрағат Университеттің құрылым бөлімшесі болып табылады. Университеттің ведомстволық мұрағаты қызметіне бақылауды аппарат жетекшісі жүргізеді.

Университеттің ведомстволық мұрағатына тұрақты, уақытша (10 жылдан астам) сақтау мерзімі құжаттары, университеттің іс жүргізуі аяқталған басқарушылық сақталатын құжаттары жеке құрам бойынша істері түседі.

Сонымен қатар ведомстволық мұрағатында, алдыңғы ұйым қызметінде пайда болған жеке құрам бойынша құжаттары бар.

Ведомстволық мұрағаттың негізгі функциялары: толықтыру көзі болып табылатын ұйымдардың құрылымдық бөлімшелердің тізімін жүргізу, университет құжаттарын белгіленген тәртіппен уақытша сақтауға қабылдау, сақтауға қабылданған құжаттарды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, университеттің ведомстволық мұрағатында уақытша сақталатын құжаттар құндылығына сараптама жүргізеді және сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акт құрастыру, университеттегі істерді қалыптастырудың рәсімдеудің және жедел сақтаудың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.


Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters