қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

"Сырдария" университетінің 2014-2017 жж арналған cапа бойынша саясаты

"Сырдария" университеті - көпдеңгейлі білім беруді іске асыратын (бакалавриат, магистратура) заманауи оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық базасы мен жоғары білікті кадр әлеуеті бар оқу орны.

Миссиясы: Білім беру, ғылым мен инновациялық қызметті интеграциялау негізінде заман талабына және Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сай жаңашыл мамандар даярлау.

Көрінісі: Инновациялық экономика үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын алдыңғы қатарлы отандық және әлемдік университеттер қатарына кіру. Әлемдік жетекші университеттер талаптарына сәйкестендірілген, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға негізделген білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу.

Білім беру сапасы саласындағы университет саясатының негізгі мақсаты – Қазақстанда және шетелдерде бәсекеге қабілетті еліміздің лайықты азаматтары болып табылатын озат жетістіктер деңгейінде кәсіби саладағы қызметтің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті түлектерді даярлау.

Университеттің білім беру үдерісінің басымдық мақсаттары:

- бүгінгі қоғам дамуында қалыпты тұжырымға негізделген білім беру әдістері мен ұстанымдарын қалыптастыру, дамыту және жүзеге асыру;

- қоғамның қалыпты дамуындағы ұстанымдар мен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде өмір сүру және жаңа көзқарас қалыптастыруға ықпал жасау;

- жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және мәдени, интеллектуалды қажеттіліктерін өтеуге жағдай жасау;

- отандық және шетелдік тәжірибені негізге ала отырып, мемлекеттің қажеттілігін, сұранысына жауап беретін білім беру мен тәрбие жүйесін қалыптастыру;

- демографиялық, саяси, экономикалық, аймақтық және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, жобалар жасайтын және оны жүзеге асыра алатын ғылыми және ғылыми-педагогикалық жоғары білікті кадрлар даярлау;

- ғылыми-тәжірибелік талдамалармен, бағдарламамен қамтамасыздандыруды жүзеге асыру;

- университет базасында компьютерлік сауаттылықты көтеру, шет тілін үйрету курстарының жұмысын жетілдіру, сондай-ақ басқа да білім беру, ғылыми және кеңес беру қызметтер көрсету;

Университет маман дайындауда білім алушылардың кәсіби және жалпы білімдік деңгейін көтеруге бағытталған кәсіби және білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.


"Сырдария" университеті Координациялық кеңесінің 2014 ж "28" 08 1 шешімімен бекітілді, іске қосылды



2014-2020 жылдарға арналған университеттің стратегиялық даму жоспары

Сырдария университетінің сапа саласындағы мақсаттары

Сапа бойынша саясат

Басқа құжаттар

Платон жуйесі

университетінін электронды кітапханасы

Ассоциация вузов

Археология

Каржы орталыгы

7 СЫР газеті

Фотогалерея

Правительство РК

Мемлекеттік кызметтер

Министерство Образования РК



Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
факс: 6-34-03, 6-14-63
E-mail: sirdariya@mail.ru