қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлімі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 10 желтоқсан 2003 жылдағы №822 бұйрығын орындау мақсатында "Сырдария" университетінің басшылығы университетте ИСО 9001:2008 моделі бойынша Сапа менеджменті жүйесін енгізу үшін және сертификацияға дайындықты бастау туралы шешім қабылдады.
Сапа менеджменті жүйесін дайындау және енгізу жөнінде жұмыстар жүргізілді.
Университетте 2009 жылы 1 қыркүйекте сапа менеджменті жүйесін енгізу мақсатында сапа менеджменті бөлімі ұйымдастырылды.

ИСО 9001:2008 ХС енгізудің іс-шаралар жоспары құрылып университеттің сапа менеджменті жүйесі бойынша нормативті құжаттары дайындалды. Сертификациялық орган ретінде "Түрік стандарттар институты" (TSE) таңдап алынды.

27.12.2016ж. университет үшінші ресертификациялық аудиттен өтті.

Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлімі:

  • СМЖ-нің сертификациялануы және қызметкерлердің оқытылуы мәселелерінде сыртқы басқа ұйымдармен байланыс орнатады;
  • Сапа саласы бойынша университет саясатын жүргізеді;
  • Университеттің СМЖ-сін жасап, енгізетін және қолданылатын құжаттарға әдістемелік басшылық жасайды;
  • Қызметкерлердің білім беру орталықтарында университеттің СМЖ-сін жасайды және енгізу мәселелеріне қатысты білім алуын қамтамасыз етеді;
  • Сапа басқаруы саласындағы озық тәжірибелерді үйренеді және сапаны басқарудың ықпалды әдістерін енгізеді;
  • Институционалды және мамандандырылған аккредиттеуге байланысты университет бөлімдеріне әдістемелік-кеңес жәрдемін көрсетеді;
  • Ішкі және сыртқы аудиттер жүргізеді;
  • университет қызметкерлері, профессор-оқытушылары, білім алушылар мен т.б. мүдделі топтар арасында сауалнамалар жүргізеді;
  • Барлық құрылымдық бөлімдердегі СМЖ бойынша жұмыс топтарының жұмыстарын тексереді;
  • СМЖ бойынша ішкі тексерушілердің жұмыстарын тексереді;
  • Жұмыстарды университет ережесіне, ішкі тәртібі стандарты және жалпы ережелерге сәйкес жүргізеді.


    2014-2020 жылдарға арналған университеттің стратегиялық даму жоспары

    Сапа бойынша саясат

    Сырдария университетінің сапа саласындағы мақсаттары

    Мониторинг нәтижелері

    Сертификаттар

Алтыбаева Айсулу Әбутәліпқызы

Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлімінің басшысы
Батырханов Қанатбек Ералханұлы

Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлімінің маманы




Азизбекова А.С.
Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлімінің маманы








Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу