қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












Университеттің миссиясы, міндеттері

Миссиясы: Білім беру, ғылым мен инновациялық қызметті заман талабына сай интеграциялау және Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес жаңашыл мамандар даярлау.

Көрініс: Инновациялық экономика үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын алдыңғы қатарлы отандық және әлемдік университеттер қатарына кіру.

Әлемдік жетекші университеттер талаптарына сәйкестендірілген, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға негізделген білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу.

Білім беру сапасы саласындағы университет саясатының негізгі мақсаты – жоғары білікті, бәсекеге қабілетті , еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау.

Университеттің білім беру үдерісінің басымдық мақсаттары:

- бүгінгі қоғам дамуында қалыпты тұжырымға негізделген білім беру әдістері мен ұстанымдарының қалыптасуы, дамуы және жүзеге асырылуы;

- қоғамның қалыпты дамуындағы ұстанымдар мен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде өмір сүру және жаңа көзқарас қалыптастыруға ықпал жасау;

- жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және мәдени, интеллектуалды қажеттіліктерін өтеуге жағдай жасау;

- отандық және шетелдік тәжірибені негізге ала отырып, мемлекеттің қажеттілігіне, сұранысына жауап беретін білім беру мен тәрбие жүйесін қалыптастыру;

- демографиялық, саяси, экономикалық, аймақтық және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, жобалар жасайтын және оны жүзеге асыра алатын ғылыми және ғылыми-педагогикалық жоғары білікті кадрлар, сондай-ақ бастауыш, кәсіби, орта кәсіптік білімді мамандар даярлау;

- ғылыми-тәжірибелік талдамалармен, бағдарламамен қамтамасыздан-дыруды жүзеге асыру;

- университет базасында компьютерлік курстарды (колледж, лицей, кәсіптік-техникалық мектептер, шет тілін үйрету курстары) құру, сондай-ақ басқа да білім беру, ғылыми және кеңес беру қызметтерін көрсету.

Университет маман дайындауда білім алушылардың кәсіби және жалпы білім деңгейін көтеруге бағытталған кәсіби және білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.

Университеттің міндеттері:

Университеттің стратегиялық мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтарды, ғылым мен практика жетістіктерін кәсіби тұлғаның қалыптасуы мен өсуіне бағыттаған жоғары кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыру.

Университеттің басымдық міндеттері мыналар болып табылады:

- кәсіби жоғары білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;

- жеке адамның шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік, салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, тұлғалық дамуы үшін жағдай жасау;

- азаматтық, ұлтжандылық, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеуге, Конституция мен қоғамға, заңға қарсы келетін пікірлермен күресуге баулу;

- Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін қалыптастыру, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне сауатты қарау;

- әлемдік және отандық мәдени құндылықтарды игерту, ел тарихына, қазақтың және Республикадағы өзге ұлттардың әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау, мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді меңгерту;

- мекеменің еркіндігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықтандыру;

- оқытудың жаңа инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;

- алуан түрлі және көп қызметті білім беру ұйымдарының тиімді дамуына қол ұшын беру;

- мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру, университеттің ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін ғылыми және инновациялық интеграция негізінде жүзеге асыру;

- инновациялық білім беруді педагогиканың проблемалық-ақпараттық, пәнаралық технологияларын қолдана отырып дамыту;

- факультеттер базасында мамандардың элиталық дайындық жүйесін құру;

- университеттің отандық және шетелдік білім мекемелерімен өзара байланысының инфрақұрылымын дамыту;

- корпоративтік мәдениет пен университеттің ішкі бәсекелестік ортасын қалыптастыру;

- жаңа ұйымдастырушылық құрылым мақсаттарына сәйкес басқару мен өзін-өзі басқарудың әдістерін жасау.

Бұл басты міндеттердің шешімі кәсіби мәдениеттілік пен шеберлікті, белгілі бір білімді мақсатты түрде қалыптастыруда келесі міндеттерді қажет етеді:

- әлемдік ақпараттық ресурстарды ең үздік отандық және шетелдік білім беру бағдарламалары мен технологияларының ұқсас базаларын;

- әлемдік нарықта бәсекелестік және мойындауды қамтамасыз ететін халықаралық білім бағдарламалардың аккредитациясын;

- элективті пәндердің мазмұнындағы кәсіпкерлік идеяларын;

- өзекті мәселелерді шешуге бағытталған пәнаралық және интегративті жолдармен негізгі ғылыми бағыттарды зерттеу;

- Қазақстан Республикасындағы білім және ғылым жүйесінің дамуы мен реформалау бағдарламаларын, стратегияларын және тұжырымдарын қолдану арқылы шешу.

Университетте мамандарды даярлау белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Ол сондай-ақ негізгі еңбектен үзіліссіз (сыртқы бөлім) және қашықтықтан оқыту арқылы жүргізіледі.

Университет Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде белгіленген ұстанымдарға негізделген келесі қызметтерді жүзеге асырады:

- жоғары білім беру жүйесінің даму перспективасын зерттеу, біліктілікті жетілдіру және кадрларды қайта даярлау, оларды оқыту мазмұнының басымдылығын анықтау;

- университет Кеңесінің жұмыстарын барынша жандандыру;

- университеттің инновациялық ғылыми-әдістемелік әзірлемелерін білім беру мекемелеріне ендіру үдерісіне бітірушілерді, студенттерді және оқытушыларды белсенді қатыстыру;

- жоғары оқу орындарына дейінгі білім беру ұйымдарымен өзара байланысты кеңейту, білім беру кешендерін құру;

- бірлескен тиімді іс жүзіндегі ұлтаралық құрылымдарды құру үшін шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының кооперациясын тереңдету;

- министрліктер және ведомстволармен тиімді және үздіксіз жұмыс жүргізу;

- әр түрлі деңгейдегі заңнамалық және атқарушы үкімет орындарымен қарым-қатынасты дамыту;

- білім беру әрекетінің еркін таңдауының негізінде отансүйгіштік, адам құқығын құрметтеу, толеранттық, демократиялық ұстанымдарды қалыптастыру.



2014-2020 жылдарға арналған университеттің стратегиялық даму жоспары

Сырдария университетінің сапа саласындағы мақсаттары

Сапа бойынша саясат

Басқа құжаттар


Бітіруші тyлектер
Платон жуйесі
Платон жуйесі
университетінін электронды кітапханасы
Ассоциация вузов
Археология
Каржы орталыгы
7 СЫР газеті Фотогалерея
Сауалнама
Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл
сайт Президента РК
Правительство РК
Мемлекеттік кызметтер
Министерство Образования РК
Болашак


ПнВтСрЧтПтСбВс

free counters





Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-30-00, 6-14-27
Факс: 6-20-08, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

^ Жоғары шығу