қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English

Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет (2004-2009 ж.)

Қазақстан Республикасының тек қана Орталық Азия төңірегінде ғана емес, білім жағынан бүкіл ТМД-ның төңірегінде лидерлікке шығуы үшін соңғы жылдарда еліміздегі мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарындағы білім сапасын салыстыру, сондай ақ саны жағынан қарқынды өсіп келе жатқан мемлекеттік емес жоғары оқу орындары және онда білім алып отырған студенттердің білім деңгейін көтеруге көбірек көңіл бөлініп отыр.

Мемлекеттік емес жоғары оқу орындары өзін-өзі қаржыландыру, білім берудің барлық жүйелерін қалыптастыру жағынан қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінде елімізде қалыптасқан нарықтық экономиканың негізгі принцптерін жүзеге асырудың негізгі формасы болып отыр.

Осы жоғары оқу орындарындағы білім сапасының деңгейін анықтау үшін, ЖОО-ның материалдық-техникалық базасы жөнінде, онда білім алып отырған студенттердің қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игеріп шығуында, жақсы маман болып қалыптасуында негізгі рольді иеленетін оқытушылар жөнінде сондай ақ университеттегі қызмет етіп отырған түрлі құрылымдардың жұмысы жөнінде және осы сияқты түрлі мәселелер төңірегінде студенттің жеке пікірін білу аса маңызды элемент болып табылады. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру әлеуметтік зерттеу әдістерін қолдануды қажет етеді. әлеуметтік зерттеу әдістерінің ішінде кең таралған “анкеталық сауалнама” жүргізу әдісі ең тиімді зерттеу әдістерінің бір түрі болып табылады.

Бұл зерттеуді жүргізу нәтижесі университеттегі оқу тәрбие процесін қалай жетілдіруге және кредиттік технология бойынша оқытудың қаншалықты тиімділігін анықтауға сондай ақ оқытушылардың педагогикалық шеберлігі мен кәсіби біліктілігін т.б. одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Осы мақсатта Сырдария университетінде студенттер және оқытушылар арасында анкеталық сауалнама жүргізу әдісі кеңірек қолданылып отыр. Сауалнама үш бағытта – университеттегі оқу-тәрбие процесін анықтау үшін бітіруші курс студенттері арасында, кредиттік технология бойынша оқытудың тиімділігі жөнінде І-курс студенттері арасында, сондай ақ оқытушылардың кәсіби біліктілік деңгейі студенттердің ой-пікірлері арқылы зерттеліп сараланып, нәтижесі өтілетін пәндердің сапасын анықтауға, оларды жетілдіруге көмектесетін “оқытушы студент көзімен” деген тақырыпта ІІ,ІІІ курс студенттері арасында жүргізілді.

Сауалнаманың нәтижелері (2004-2009 ж.)

  1. «Оқытушы студент көзімен» (2008-2009 оқу жылы, 134 оқытушы, 1025 студент)

  2. Студенттің оқытушыға көзқарасы - педагогикалық шеберлік пән кәсіби біліктілігінің бағасы (2007-2008 оқу жылы, 667 студенттер)

  3. «Оқытушы рейтингі» сауалнамасы (2006-2007 оқу жылы, 680 студенттер, 89 оқытушы)

  4. «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы (2005-2006 оқу жылы, 1116 студент, 98 оқытушы)

  5. «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы (2004-2005 оқу жылы, 1114 студент, 48 оқытушы)
  6. Сауалнаманың нәтижелері (2014-2015 ж.)