қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












Оқу ісі жөніндегі проректор Оқу-әдістемелік басқарма Тіркеу офисі Компьютер орталығы Студенттік бөлімі Кәсіптік практика



Кәсіптік практика

Файзиев Нұржан Сапарханұлы
Университеттің кәсіптік практика жетекшісі
педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Мекен жайы: ОҚО, Жетісай қаласы, "Сырдария" университеті, бас оқу ғимараты, 11 кабинет
Жұмыс телефоны: 8(72534) 6-19-26
Е-mail: nurjan.0788@mail.ru


Қәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі
Қәсіптік практиканың жұмыс бағдарламасын әзірлеу


Әбіш Ержан Төребекұлы
кәсіптік практика бойынша әдіскер

Кәсіптік практика жоғары білім алу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алды болып бөлінеді.

Теориялық білімді практикамен байланыстыру мақсатында кафедралар университеттің кәсіптік практика жетекшісімен бірлесе отырып, студенттердің практикасын ұйымдастырады.

Оқу жылының басында практиканың барлық түрлері бойынша жұмыс бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулар әзірленеді. Тиісті кафедрадан тәжірибелі жетекшілер, "Білім" бағытындаты мамандықтарға "Педагогика және психология" кафедрасынан әдіскерлер бекітіледі.

Практика басталар алдында орнықтыру конференциясы өткізіледі. Кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу мерзімдері, базалары және жетекшілері көрсетілген ректордың бұйрығымен таныстырылады.

Студенттердің оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алды практикаларынан өтуі үшін университет тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, практикадан өтетін мектеп, гимназия, лицей, колледж және банк, әкімшілік, зерттеу институттары сынды мемлекеттік мекемелермен келісімшарттар жасалынған.

Үздіксіз практика базалары болып табылатын "Білім" тобындағы мамандықтардың студенттері Мақтарал ауданының оқу бөлімімен, оған қарасты мекемелермен түзілген екі жақты келісімшарт негізінде педагогикалық іс-тәжірибені Жетісай қаласында орналасқан: Б. Момышұлы, "Тұран". М.Горький мектеп-гимназияларымен, №122, №119, Ш. Уалиханов, Ю. Гагарин, Абай, А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептері; қалаға жақын орналасқан Т. Рысқұлов, Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектептерде, "Бизнес" мамандықтарының студенттері өндірістік практиканы Мақтарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Мақтарал ауданының экономика және қаржы бөлімі, "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" ЖШС Мақтаарал аудандық филиалы, "Казкоммерцбанк" АҚ Жетісай қалалық филиалы, Халық банкі мен Каспий банкінің аудандық бөлімінде т.б. мекемелерде, "Биология" мамандықтарының студенттері практиканы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдіктерді қорғау бөлімі мен "Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында", "Құқық" мамандығының студенттері аудандық Ішкі-істер басқармасында, прокуратурада және аудандық сотында өтеді.




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу