қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












Ғылыми істері жөніндегі проректор "ЖОО кейінгі білім беру" бөлімі Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ЖОО дейінгі дайындық бөлімі


"Сырдария" университетінің ЖОО дейінгі дайындық бөлімі

Жоғары оқу орындарындағы шетелдегі қазақ диаспора өкілдері үшін дайындық бөлімдері "Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы жөніндегі" ҚР Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы №3308 бұйрығы негізінде қазақ диаспорасы өкілдері мен оралмандар үшін жалпы білімдік дайындық деңгейін арттыру мақсатында және оларға жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына түсуге қажетті жағдайлар жасату мақсатында университетіміздің базасында 2002-2003 оқу жылынан бастап дайындық бөлімінің жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. ЖОО дейінгі дайындық бөлімі үшін "Студенттер үйінің" үшінші қабатында тыңдаушылар үшін арнайы жабдықталған. оқу аудиториялары орналасқан. Сонымен бірге, тыңдаушыларға жатақханадан тегін орындар бөлінген. Білімалушылар үшін арнайы жабдықталған кітапханада мектеп оқулықтары және тест кітапшаларымен толық қамтамасыз етілген. Оқу процесіне қажетті оқу залы, тәрбиелік мәні бар көрнекіліктер, жеке асхана, демалыс бөлмелері, спорт алаңы қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған.

Қазіргі таңда бөлімді ғылым магистрі, аға оқытушы А.К. Жамединова басқаруда.

Бөлім төмендегі кафедралармен тығыз байланыста жұмыс атқарады:

2002-2003, 2003-2004 оқу жылдары Қытайдан, 2004-2005, 2005-2006 оқу жылдары Монғолия, Қытай және Өзбекстаннан, 2006-2007, 2007-2008 2008-2009 оқу жылдары Түркменстан, Қарақалпақстан автономиялық Республикасы мен Өзбекстаннан, 2009-2010, 2010-2011,2011-2012, 2012-2013, 2015-2016, 2016-2017, 2017-2018 оқу жылдарында тыңдаушылар Өзбекстан Республикасының Ташкент, Чиназ, Сырдария және Навоий облыстарынан келіп білім алуда. Биылғы оқу жылында ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің "2017-2018 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" 2017 жылғы 24 тамыз №430 бұйрығы негізінде "Сырдария" университетіне 40 орын бөлініп, қазіргі таңда тыңдаушы білім алуда.

Университеттің "ЖОО дейінгі дайындық" бөліміне шет елдерден келген қазақ диаспоралары туралы мәлімет

Оқу жылы

Келген елі

Тыңдаушылар саны

1

2002-2003

Қытай

100

2

2003-2004

Қытай

160

3

2004-2005

Монғолия, Өзбекстан

80

4

2005-2006

Түркменстан, Өзбекстан, Қытай

250

5

2006-2007

Түркменстан, Өзбекстан

80

6

2007-2008

Түркменстан, Өзбекстан

80

7

2008-2009

Түркменстан, Өзбекстан

213

8

2009-2010

Өзбекстан

300

9

2010-2011

Өзбекстан

267

10

2011-2012

Өзбекстан

162

11

2012-2013

Өзбекстан, Қарақалпақстан

132

12

2013-2014

Өзбекстан

52

13

2014-2015

-

-

14

2015-2016

Өзбекстан, Қытай

40

15

2016-2017

Өзбекстан

50

16

2017-2018

Өзбекстан

40

Дайындық бөлімінде әр оқу жылында қабылданған тыңдаушылар үшін жасалатын оқу жоспары бөлім кеңесінде қаралып, университеттің оқу істері жөніндегі проректоры бекітеді. Оқу мерзімі 9 ай (1 қазаннан 30 маусым аралығы).

"ЖОО дейінгі дайындық" бөлімінде төмендегі көрсетілген міндетті және таңдау пәндері бекітілген.

Міндетті пәндер:

  • Оқу сауаттылығы;
  • Қазақстан тарихы;
  • Математикалық сауаттылық.

Таңдау пәндер бойынша:

  • Ағылшын тілі;
  • Биология;
  • География;
  • Физика;
  • Химия;
  • Дүние жүзі тарихы;
  • Қазақ әдебиеті.

Аталған пәндер бойынша бөлім оқытушылары оқу жылы барысында 5-11 сынып бағдарламасы негізінде жүргізеді. Тыңдаушыларды кешенді тестке дайындау мақсатында ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік секциясының мәжілісінде қаралып, "7" шілде 2015 ж. №2 хаттамада ұсынылған Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті бекіткен Дайындық бөлімдеріне арналған типтік оқу бағдарламасы негізінде әр пәннен жұмыс бағдарламасы, күнтізбелік-тақырыптық жоспар дайындалады. Пәндер бойынша әдістемелік кешендер мен тест тапсырмалары жасалады.

Осы бағытта "ЖОО дейінгі дайындық" бөлімі оқу процесін жақсартуды, білім сапасын арттыруда университеттің жалпы білім беру жүйесі негізінде алдағы уақытта мынадай мақсат пен міндеттерді жоспарлайды.

  • Кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізу барысында шетелдегі қазақ диаспора өкілдерін "ЖОО дейінгі дайындық" бөліміне тарту;
  • Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын ендіру арқылы оқу үрдісінің сапасын жетілдіру;
  • Тыңдаушыларды тұлға ретінде жан-жақты дамыту бағытында тәрбие жұмыстарын жүргізу.

 Дайындық бөліміндегі тыңдаушыларға әр оқу жылында бейіндеріне сай дұрыс мамандық таңдау үшін кәсіби бағдар жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. Дайындық бөлімінің тыңдаушыларына білім берумен қатар, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Халықтың көші-қон туралы Заңының талаптарын сақтау мақсатында аудандық ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп тұрады. Тыңдаушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде көші-қон полициясы арқылы 1 немесе 3 айға тiркеуге қойылады.

Бөлімнің тәрбие жоспарында бекітілген оқытушылар құрамы мен тыңдаушылар арасындағы патриоттық тәрбие жөніндегі іс-шаралар (оның ішінде Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін танымал ету т.б.) тыңдаушылардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, оларды білімге, денсаулығын сақтауға қол жетімділікті қамтамасыз ету, Қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру негізінде жүргізіледі.


ЖОО ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІ ОРНАЛАСҚАН СТУДЕНТТЕР ҮЙІ











Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу