қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













Оқу ісі жөніндегі проректор Оқу-әдістемелік басқарма Тіркеу офисі Студенттік бөлімі Компьютер орталығы "Робот техникасы" зертханасы



Компьютер орталығы

Алимов Алибек Шайыпұлы
Компьютер орталығының меңгерушісі

Нормативтік құжаттар
Құрылым ережесі
Дербес компьютерде жұмыс жасау және техникалық қауіпсіздік ережесі
Компьютерді пайдалану қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі
Алғашқы дәрігерлік көмек
Инженер-бағдарламашының қызметтік нұсқауы
Компьютер орталығы операторының қызметтік нұсқауы
Компьютер орталығы меңгерушісінің қызметтік нұсқауы
Университеттің ресми сайты туралы
Электронды оқулықтарды өңдеу орталығы төлқұжаты

Компьютер орталығы туралы

Университеттің ақпараттық-техникалық және технологиялық ресурстары жайлы
2016-2017 оқу жылының жылдық есебі

Компьютер орталығы қарамағында он жеті оқу үдерісіне пайдаланылатын компьютер сыныптары, лингафон кабинеті, компьютерлік желілер лабораториясы, қашықтан оқыту орталығы, виртуалды кітапхана, мультимедия кабинеті және компьютерлік қызмет кабинеттері жұмыс істейді. Компьютерлік орталық сыныптары заманауй компьютерлермен жабдықталған: Intel(R) Core(TM) i5-3470 CPU 3.20GHz (4 CPUs), Intel(R) Core(TM) i5-3330 CPU 3.00GHz (4 CPUs), Intel(R) core i3-2120 CPU 3.30 GHz(4CPUs), 15 WIBTEK моноблок Core I7 3.4 GHz, 8 Gb RAM, 500HDD, kmp.

Қазіргі таңда орталықта 367 компьютер, 16 интербелсенді тақта, 5 смарт тақта, 3 поликом бейнеконференция байланысы университет студенттеріне оқу үдерісі барысында уақыт талабына сәйкес, кең жолақты интернетті пайдалану арқылы сапалы білім алуға мол мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасалған.

Қазіргі таңда компьютер орталығын Алимов Алибек Шайыпұлы басқаруда.

Орталықта білікті мамандар электронды оқу залының меңгерушісі, электронды оқулықтарының және университеттің ресми сайтының бағдарламашысы Шпенглер Сергей Андреевич, инженер бағдарламашы Шойбеков Мейірбек Исланбекович, Шефер Андрей Александрович, оператор Ирсимбетов Нурлан Сейсенбаевич жұмыс жасауда.

Компьютер орталығының негізгі бағыттары: қызмет көрсету секторы (оқу үдерісіне қызмет көрсету, компьютерлік техниканы жөндеу), бағдарламалық қамтамасыз ету секторы (интернет желісінің жұмысын қадағалау, инновациялық технологияларды ендіру және компьютерлер мен серверлерді программалық қамтамасыз ету), байланыс секторы (бейнеконференция байланыстарын өткізу), тест тапсырмаларын өңдеу секторы (тест тапсырмаларының құрылымы мен сапасын бақылау).

Бекітілген жылдық жоспар бойынша оқу жылы басында орталықта компьютерлік кабинеттерді оқу процесіне пайдалануға дайындау компьютерлік кабинеттерді лабораториялық және практикалық сабақтарды өткізуге қажет бағдарламалармен қамтамасыз ету, компьютерлік кабинеттердегі жүйелік бағдарламадың жүйелі түрде жұмыс істеуін қамтамасызету жұмыстары орындалды.

Мультимедиа сыныбының негізгі жұмыстар


2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МУЛЬТИМЕДИА СЫНЫБЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ
2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

1. Жаңа электрондық оқулықтарды дайындау
2. Электронды кітапханасының қоры және ҚР ЖОО мен әрекеттестік. Электронды кітапхана қорын құру. Электрондық кітапханадағы Интернет – қорларын арттыру.
3. Университет оқытушылары мен студенттерінің мультимедия сыныбындағы жұмысы.
4. Университет оқытушылары мен студенттерінің біліктілігін артыру.
5. Университеттің веб-сайттары және компьютерлік сыныбын техникалық жағынан басқару. 2016-2017, 2015-2016.

Электрондық оқулықтарды дайындау

«Сырдария» университетінде 2005-2017 оқу жылдар аралығында 280 электронды оқулықтар жасалған. Өңдеу кезінде профессор-оқытушы қажетті оқу материалдарын (силлабустар, КТЖ, жұмыс бағдарламалары, ОБСӨЖ мәтіндері т.б.) пайдалануға берді.

Барлық электрондық оқулықтар Internet Explorer және басқа браузермен ашылады. Оқытушылармен бірге электрондық оқулықтарға қосымшалар еңгізіліп, осы электрондық оқулықтармен ашық сабақтар өткізіледі.

Жаңа оқулықтар университеттің электрондық қорларының каталогіне қосылады және оларды студенттер мен оқытушылар белсене қолдана алады. Электронды оқулықтардың сілтемелері ЖОО ассоциациясы (РМЭБ) қауымдастығына берілген.

Университеттің ресми сайты және электронды кітапхананың қоры

Университет электронды кітапханасы сайтының қоры (www.ko-sirdariya.kz) төмендегі бөлімдерге бөлінген:
1. Фотогалерея
2. Электрондық оқулықтар, кітаптар, нұсқаулар, тесттік сауалнамалар
3. Силлабустар
4. ОБСӨЖ мәтіндер, тапсырмалар
5. Ғылыми мақалалар
6. Университеттің ресми сайты www.sirdariya.kz;
7. 7СЫР газетінің сайты
8. Платон жүйесіне сілтеме

«HTTP File Server» бағдарламасы арқылы университет қоры дүниежүзілік желіге шығады және оны қолдану барысында толық мониторингтік сараптама жүргізіледі.




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail: sirdariya@mail.ru

ПнВтСрЧтПтСбВс
free counters
^ Жоғары шығу