қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English












Ғылыми істері жөніндегі проректор "ЖОО кейінгі білім беру" бөлімі Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ЖОО дейінгі дайындық бөлімі


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Қобланова Оңғаркүл Нұрмағанбетқызы - Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Әбдібаева Елмира Үмбеталықызы - зертханашы

телефон: 8(72534)6-20-47


Жылы жай туралы
Инновациялық зерттеу орталығының есебі.


Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінде жаңа талаптарға сай көптеген өзгертулер енгізіліп жатыр. Соның ішінде білім беруді ғылыми-зерттеу жұмыстармен ұштастыра жүргізу қолға алынып отыр. Осының дәлелі ретінде 2010 жылы тамыз айында «Сырдария» университетінің «Химия және биология» факультетінің оқу ғимаратының жаныңда «Инновациялық зерттеу орталығы» ашылды. Қазіргі күнде «Инновациялық зерттеу орталығын» хим.ғ.к., доцент О.Н.Кобланова басқаруда.

«Инновациялық ғылыми зерттеу орталығында» студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және зертханалық жұмыстарын жүргізулеріне арналған 4 арнайы лабораториялық кабинеттер бар. Олар: «Органикалық және ЖМҚ химиясы» лабораториясы, «Зоология және адам анатомиясы мен физиологиясы» лабораториясы, «Бейорганикалық және аналитикалық химия» лабораториясы және «Физика» лабораториясы. Бұл кабинеттер соңғы үлгідегі қондырғылармен және техникалық оқу-құралдарымен жабдықталған.

Атап айтқанда, соңғы үлгідегі модель 6300 (6320D) JENWAY спектрофотометрі, Consort NV рН метрі, PALETTE сандық (цифровые) рефрактометрі, ТС-1/80 СПУ термостат, серия YA-ZD электрлік дистилляторы, модель ВL электрондық таразылары, ауа сорғыш шкаф, оМо-С11 микроскоп және т.б. көптеген құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жыл сайын реактивтер мен сұйықтықтар, қышқылдар жаңартылып отырады.

Зерттеу орталығында ғылыми іздену жұмыстары жүргізіледі. Биология саласы бойынша б.ғ.к., доцент С.Келдібеков «Мақтарал өңірінің флора, фаунасы және ауыл шаруашылық өсімдіктерін агробиологиялық зерттеу» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Осы аталған тақырыпты негізге ала отырып іздену жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде. С.Келдібеков «Сырдария өзені мен Шардара су қоймасы аумағындағы жабайы өсімдіктерді жүйелендіру және оларды ағын суларды тазартуда биологиялық әдістерді пайдалану» атты іздену жұмыстарының жолдарын зерттеуде. Жинаған материалдарына талдау жасау жұмыстарын осы орталықта жүргізеді.

Агробиологиялық зерттеу жұмыстарын а-ш.ғ.д., профессор Ж.Я.Батькаев, тех.ғ.д., профессор Ә.М.Әшіров, а-ш.ғ.к, доцент Е.Дошманов, ғылым магистрі Н.Нұрмағанбетов, доцент Р.Қошқаров және тағы басқа профессор - оқытушылар жүргізуде.

«Мақта ауыспалы егісінің және минералды тыңайтқыштардың топырақ құнарлығына әсерін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына а-ш.ғ.д., профессор Ж.Я. Батькаев жетекшілік етеді Бұл жұмыста топырақ құрамы мен ондағы тұздарға және қарашірік құрамы бойынша алынған үлгілерге талдау жасалады.

«Әр түрлі мәдени дақылдардың өнімдерін арттыруда төменгі жиіліктегі электромагниттік толқындардың әсерін зерттеу» атты ғылыми-зерттеу жұмыстары бағытында тех.ғ.д.,профессор Ә.М.Әшіровтың жетекшілігімен көптеген іс-шаралар атқарылып келеді.

«Сортаңданған топырақ жағдайында мақта өсімдігінің физиологиялық өсіп-дамуына су режимінің әсерін зерттеу» бағытында іздену жұмыстарына а-ш.ғ.к., доцент Е.Дошманов жетекшілігімен көптеген зерттеулер жүргізілуде.

«Оңтүстік Қазақстанда мақта дақылдарын зиянкестерден қорғауда биологиялық әдістерді пайдалану» атты ғылыми-зерттеу жұмыстары доцент Р.Қошқаров жетекшілігімен өз деңгейінде атқарылып келеді.

Химия саласы бойынша х.ғ.к.,доцент Ч.Ибраимов жетекшілігімен «Органикалық оксиазореагенттердің және олармен комплекстерінің ерітіндідегі жағдайларын спектрофотометриялық және квант-химиялық әдістермен зерттеу» атты зерттеу жұмыстары мен «Жаңа рационал органикалық фотометриялық реагенттерді модельдеу және оларды аналитикалық химияда қолдану» бағытында зерттеулер жүргізілуде.

Физика саласы бойынша «Энергияның сақталу және түрлену заңдарымен, соның ішінде күн сәулесінің энергиясын қолдану жолдарын зерттеу» бағытындағы жұмыстарға физ-мат.ғ.к.,доцент Э.Ходжахметов жетекшілігімен профессор-оқытушылар және студенттер мен магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып келеді.

Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлығында осы орталықтағы құрал-жабдықтар пайдаланылады. Сонымен қатар, «Инновациялық зерттеу орталығында» студенттер мен магистрлер зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Орталықтың ғылыми-техникалық базасы жылсайын толықтырылып келеді.«Инновациялық зерттеу орталығы» елімізде ғылыммен айналысамын деген азаматтарға толық мүмкіншіліктер жасайды.



Қобланова Оңғаркүл Нұрмағамбетқызы

химия ғылымдарының кандидаты, доцент

Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Телефон: 8(72534)6-20-47

E-mail: koblanova.o.n@mail.ru

Қобланова Оңғаркүл Нұрмағамбетқызы 02 қаңтар 1952 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы Түлкібас ауданы Мақталы елді мекенінде дүниеге келген.

1976жылы Алматы қаласы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің химия факультетін бітіріп, еңбек жолын Шымкент қаласындағы Қазақ-химия технология институтының "Физикалық және коллоидтық химия" кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды.

1995жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы К14/А.01.12 арнайы мамандандырылған Кеңесте "Синтез и исследование коллоидно-химических свойств анионных акрилогуматных полиэлектролитов"- атты ғылыми тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап, химия ғылымдарының кандидаты атанды.

1995жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің "Органикалық және физикалық химия" кафедрасында доцент, ал 2003-2008 жылдары аталған кафедрада кафедра меңгерушісі, 2008жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті "Сыртай оқу факультетінің" декан қызметін атқарды, ХҚТУ профессоры.

Ғалым ретінде 109 ғылыми мақалалары жарық көрген: оның ішінде оқу процесінде қолданылатын 6 оқу құралы, 5 өнертабысқа инновациялық патент, 2 автордың куәлігі, 2009жылғы 22шілдедегі №580 жазбасымен зияткерлік меншік құқығы комитетімен тіркелген 2 электрондық оқу құралы, 30-ға жуық оқу әдістемелік нұсқаулары бар.

Қазақ химия-технологиялық институтындағы және Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі жемісті еңбектері бағаланып, институт тарапынан бірнеше рет алғыс хат, мақтау грамоталарымен марапатталған. 1997ж. 30-желтоқсанда 14/181 шешімімен көп жылғы жемісті жұмысы, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласқаны үшін ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды. 2007жылдың "ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ" мемлекеттік грантының иегері, 2008жылы Білім беру мен тестіліеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының "АЛҒЫС ХАТЫ" , 2009жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" белгісімен марапатталған.



"Химия және география" кафедрасының тарихы



СЫРДАРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ –ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ,
ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН ӘРІ ҚАРАЙ АРТТЫРУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ



Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-27-69
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу