қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













Бухгалтерия

Байсалова Атиркул Абдурахмановна
бас бухгалтер

Шагирбаева Айсауле Дуйсеновна
бухгалтер

Бабашев Исатай Мутанович
материалдық есепші

Бухгалтерия бөлімінің қызметкерлері:

1. Байсалова Атиркул Абдурахмановна - бас бухгалтер
2. Шагирбаева Айсауле Дуйсеновна - бухгалтер
3. Калиева Индира - төлем ақы жөнінен есепші
4. Бабашев Исатай Мутанович - материалдық есепші

Телефон: 8(72534)6-34-09, 6-14-63

Білім беру қызметінің төлемақы тәртібі

Оқу ақысын төлейтін валюта түрі мемлекеттік стандартқа сәйкес "теңге" болып табылады.

Білім алу ақысы әрбір оқу жылына ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде қабылданған мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың төлемақысы деңгейінің көлемінде "Сырдария" университетінің ректорының бұйрығымен белгіленеді.

"Сырдария" университетіндегі оқу төлемақысы көрсетілген оқу жылындағы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес мемлекеттік оқу грантында оқитын әр студентті оқытуға жұмсалатын қаржы көлемінің өзгеруіне байланысты өзгереді. Оқу ақысының мөлшері оқу жылында бір реттен артық өзгертілмейді.

Оқу ақысын төлеу төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:

Күндізгі оқу нысаны бойынша: бірінші оқу жылына студент "Сырдария" университетінің студенті қатарына қабылданғанға дейін жылдық оқу ақысының 25%-ын, 1-ші семестр ішінде қысқы емтихандық сессия басталғанға дейін келесі 25%-ын төлейді. Қалған 50%-ын 2-ші семестр ішінде, жазғы емтихандық сессияға дейін төлейді.

Келесі оқу жылдары студент оқу ақысының 50%-ын 1-ші семестр ішінде қысқы емтихандық сессия басталғанға дейін, ал екінші 50%-ын 2-ші семестр ішінде жазғы емтихандық сессияға дейін төлейді. Оқу төлемақысы төленбесе студент сессияға жиберілмейді және оқудан шығарылады.

Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша: бірінші оқу жылында студент "Сырдария" университетінің студенті қатарына қабылданғанға дейін 50%-ын, оқу жылы ішінде емтихандық сессия басталғанға дейін 50%-ын төлейді.

Келесі оқу жылдары студент оқу ақысын емтихан сессиясына дейін оқу жылы ішінде 100%-ын төлейді. Оқу төлемақысы төленбесе студент сессияға жиберілмейді және оқудан шығарылады.

Оқу ақысын төлеу "Сырдария" университетінің есеп шотына банктер арқылы келісімшартта көрсетілген соманы аударумен жүзеге асырылады.

Студенттер қатарына қайта қабылданған немесе академиялық демалыстан қайта келген кезде оқудың төлем ақысы студенттің қайта қабылданған кезіндегі оқу төлемақысының көлемі мен шарттарына байланысты анықталады.

Қажетті деңгейдегі баллдарымен курстан курсқа ауысқан студенттің кейбір пәндерден академиялық үлгермеушілігі болған жағдайда ол сол пәндерден ақы төлеу арқылы қайтадан дәріс алып академиялық қарыздарын өтеуі тиіс. Пәндерді қайта оқу және академиялық қарыздарын жою үшін ақы төлеу тәртібі, мерзімі, сонымен бірге көлемі "Сырдария" университеті ректорының бұйрығымен белгіленеді.

Реквизит

ЖШС "Сырдария" университеті
РНН 580400006905
KZ749260801123056005
ИИН 980340002287
Код 17
БИК KZKOKZKX
АО "Казкоммерцбанк" Шымк. филиалы
Адрес: Жетісай қ., Ауезова көш., 11 үй
Телефон: 8-(725-34) 6-34-09, 6-14-63








Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

ПнВтСрЧтПтСбВс
free counters
^ Жоғары шығу