қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













Оқу ісі жөніндегі проректор Оқу-әдістемелік басқарма Тіркеу офисі Академиялық ұтқырлық Компьютер орталығы Студенттік бөлімі



АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БӨЛІМІ

Доскараева Меруерт Әбдімәлікқызы

бөлім басшысы


    ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген "Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру қағидасының" 77 тармағы талабына сәйкес, ғылым мен білімді ұштастыру мақсатында "Сырдария" университетінде 2012 жылдан бастап Академиялық ұтқырлық бойынша білім алушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап өз алдына "Академиялық ұтқырлық" бөлімі болып құрылды.

    Академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып, өз ЖОО-да немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру.

    Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады.

Сыртқы академиялық ұтқырлық - шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі.

Ішкі академиялық ұтқырлық  - білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.

Академиялық ұтқырлықтың бөлімінің мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграция.

    Академиялық ұтқырлық бөлімінің негізгі міндеті - студенттер мен университет қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, есепке алу және бақылау, жоспарлау және болжау болып табылады.

Қызметінің негізгі бағыттары:

  • Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты іске асыру;
  • Халықаралық "Болашақ" бағдарламасына қатысу үшін үміткерлерге кеңес беру;
  • Халықаралық оқу бағдарламалары бойынша мәліметтер беру;
  • Студенттер мен университет қызметкерлері академиялық ұтқырлығын жүзеге асыруға бағытталған университет кафедраларымен жұмыс істеу.

Бөлім мәзірі

Жалпы ережелер
Өтініштер
Қажетті құжаттар
Шетелдік серіктестер
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары
Халықаралық гранттар мен шәкіртақылар
Профессор-оқытушылардың академиялық ұтқырлығы
Байланыс

Біздің мекен-жайымыз:
160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

ПнВтСрЧтПтСбВс
free counters
^ Жоғары шығу