«Сырдария» университеті 2020-2021 оқу жылына бос лауазым орындарына конкурс жариялайды:

1.Факультет деканы қызметіне (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD):

- «Жаратылыстану» факультеті;  1 б.

- «Дене тәрбиесі және спорт» факультеті; 1 б.

- «Заңтану, экономика және қашықтықтан оқыту» факультеті; 1 б.

Лауазымдық міндеттері:

- факультеттің қызметін ұйымдастырады, факультетте оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарды басқарады;

- факультетте оқу үдерісінің барлық бағыттарын тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

- факультет кеңесінің, деканаттың, академиялық комитеттердің қызметін үйлестіреді;

- факультетті білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;                      

- факультетте педагог кызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмысын үйлестіреді;

- кәсіби білімді дамыту мен қолдану шараларын және тәжірибені таратуды, енбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етеді;

 - техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтайды, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерін дұрыс үйлесуін қамтамасыз етеді;

- қызметкерлердің тиімді жұмысы бойынша моральдік және материалдық ынталандыру қағидаттарын қолданады;

- факультеттің қызметі тиімді болу үшін инновациялық технологиялармен қамтамасыз етеді;

- мамандарды дайындаудың сапалы факультетішілік жүйесін жасақтайды;

- факультеттегі дайындық бағыттары бойынша еңбек нарығын зерттейді;

- университет басшылығына уақытылы факультетте атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі.

2.Кафедра меңгерушісі қызметіне (ғылым докторы, немесе ғылым кандидаты, философия докторы (PhD):

- «Шетел тілдері» кафедрасы; 1 б.

- «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы; 1 б.

- «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы; 1 б.

-«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы; 1 б.

-«Педагогика және психология» кафедрасы; 1 б.

-«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы; 1 б.

-«Музыкалық білім» кафедрасы; 1 б.

-«Білім беру технологиялары» кафедрасы; 1 б.

Лауазымдық міндеттері:

- Кафедраның даму стратегиясын дайындайды;

-жұмыс берушілермен және білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытады;

- кафедра қызметін ұйымдастырады, кафедрада оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарын үйлестіреді;

-кафедраны білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін ұйымдастырады;

 - кафедарда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмысын үйлестіреді;

- кәсіби білімді дамыту мен қолдану шараларын және тәжірибені таратуды, еңбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етеді, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтайды;

- басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерін дұрыс үйлесуін қамтамасыз етеді;

- кафедра қызметкерлерінің тиімді жұмысы бойынша моральдік және материалдық ынталандыру қағидаттарын қолданады;

- кафедра қызметі тиімді болу үшін инновациялық технологиялармен қамтамасыз етеді;

- кафедрадағы дайындық бағыттары бойынша еңбек нарығын зерттейді, кафедра қызметінің қорытындысы бойынша есеп береді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

3.Мынадай білім беру бағдарламаларына профессор - 1 б., қауымдастырылған профессор (доцент) - 2 б., аға оқытушы - 2 б., оқытушы - 1 б. қызметтеріне: 

6В01101, 7М01101-«Педагогика және психология»;

6В01201-«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогикасы»;

6В01301, 7М01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»;

6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау;

6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау; 

6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау; 

6В02101-«Дизайн»;

6В04201-«Құқықтану»;

6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау; 01501-Математика педагогтарын даярлау;

6В01502-Физика мұғалімдерін даярлау;

6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау; 7М01502-Информатика педагогтарын даярлау;

6В01504-Химия мұғалімдерін даярлау; 7М01503-Химия педагогтарын даярлау;

6В01505-Биология мұғалімдерін даярлау; 7М01504-Биология педагогтарын даярлау;

6В01506-География мұғалімдерін даярлау;

6В01507-Химия-биология мұғалімдерін даярлау;

6В01509-География-тарих мұғалімдерін даярлау;

6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау; 7М01601-Тарих педагогтарын даярлау;

6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау; 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау;

6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;

6В01702-Шет тілі: екі шет тілі мұғалімдерін даярлау; 7М01702-Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтарын даярлау;

6В03201-Кітапхана ісі;

6В04103, 7М04101-Экономика;

6В04101-Есеп және аудит;

6В04102-Қаржы;

6В05101-Биология;

6В06102-Информатика;

6В06101-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;  

Профессор

Лауазымдық міндеттері:

Оқытушылық қызметі (оқу ақпаратын таратады, өз бетімен оқуға үйретеді):

-жоғары мектептің дидактика саласы мен арнайы саладағы білімді интеграциялау негізінде ЖОО сабақтардың барлық түрлерін өткізеді;

-зерттеушілер мен білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыратын инновациялық, технологияларды қолданып, ЖОО барлық сабақ түрлерін өткізеді.

Тәрбиелік қызметі (білім алушыларды әлеуметтік кұндылықтар жүйесіне тартады):

-Қазақстанның ұлттық басымдылықтарын есепке ала отырып тәрбие үдерісін үлестіреді;

-дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілеті бар екенін білдіреді.

Әдістемелік қызметі (білім үдерісін әлеуметтік қамтамасыз eтуді жүзеге асырады):

- білім бағдарламасын жобалайды;

- білім бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жетекшілік жасайды;

- авторлық бағдарламаларды енгізеді.

Зерттеушілік қызметі (білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді білім ортасын зерттейді):

-арнайы салада, кәсіптік бөлімнің теориясы мен әдістемесінде жаңа білімді дамытады;

  • жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер нәтижелерін осы нәтижелерді практикаға енгізудің әлеуметік, экономикалық, экологиялық салдарын болжайды;

-студенттер мен магистранттар ғылыми зерттеулеріне жетекшілік етеді.

Әлеуметтік коммуникативтік қызметі (кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады):

- білім тәжірибесін жетілдіру үшін шетелдік  әріптестермен кәсіптік өзара әрекеттесуді бастамашыл етеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі, «профессор» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қызметінде кемінде 1жыл болуы тиіс.

Қауымдастырылған профессор (доцент)

Лауазымдық міндеттері:

Оқытушылық қызметі (оқу ақпаратын таратады, өз бетімен оқуға үйретеді):

  • жоғары мектептің дидактика саласы мен арнайы саладағы білімді интеграциялау негізінде ЖОО сабақтардың барлық түрлерін өткізеді;
  • зерттеушілер мен білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыратын иннованиялық технологияларды қолданып, ЖОО барлық сабақ түрлерін өткізеді.

Тәрбиелік қызметі (білім алушыларды әлеуметтік кұндылықтар жүйесіне тартады):

  • Қазақстанның ұлттық басымдылықтарын есепке ала отырып тәрбие үдерісін үлестіреді;
  • дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру кабілеті бар екенін білдіреді.

Әдістемелік қызметі (білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады):

  • жоғары білімнің даму стратегиялары мен әлемдік үрдістерді есепке ала отырып зерттеушілер мен студентер білімнің жеке траекториясын анықтайды;
  • курс (модуль) мазмұнын анықтайды.

Зерттеушілік кызметі (білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, білім ортасын зерттейді):

  • арнайы салада, кәсіптік білімнің теориясы мен әдістемесінде жаңа білімді дамытады;
  • жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер нәтижелерін осы нәтижелерді практикаға енгізудің әлеуметік, экономикалық, экологиялық салдарын болжайды;

- студенттер мен магистранттар  ғылыми зерттеулеріне жетекшілік етеді.

Әлеуметтік коммуникативтік қызметі (кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі талаптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады): білім тәжірибесін жетілдіру үшін шетелдік серіктестермен кәсіптік өзара әрекеттесуді бастамашыл етеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Аға оқытушы

Лауазымдық міндеттері:

Оқытушылық қызметі (оқу ақпаратын таратады, өз бетімен оқуға үйретеді):

- кафедра бекіткен дәріс сабақтарын өткізеді;

- тәлімгердің тікелей жетекшілігімен кәсіптік білімнің заманауи тұжырымдамасын есепке алып, дәріс материалдарының мазмұнын (кафедрада бекіту үшін) анықтайды;

- өз бетімен білім алушылардың өздік жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.

Тәрбиелік қызметі (білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тартады):

-Қазақстан ұлттық басымдылықтарын есепке ала отырып тәрбие үдерісін үлестіреді;

-дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілеті бар екенін білдіреді;

-тілдік құзыреттілікті, мәдениет туралы білімді дамытады.

Әдістемелік қызметі (білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады):

-тәлімгердің жетекшілігімен сабақ беретін пәндер бойынша ОӘК әзірлейді:

-тәлімгердің жетекшілігімен білім ұйымдарының миссиясы мен мақсатына сай авторлық курстарды әзірлейді.

Зерттеушілік қызметі (білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, білім ортасын зерттейді):

-өз бетімен зерттеу міндеттерін шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады;

-өз бетімен практикалық педагогикалық қызметінде зерттеу нәтижелерін қолданады;

-өз бетімен және әріптестерімен өзара әрекеттесе зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізеді;

-әріптестерімен өзара әрекеттесе білімнің тәжірибесін жетілдіру үшін психологиялық–педагогикалық ғылыми-зерттеулерді жоспарлайды және өткізеді;

- әріптестерімен өзара әрекеттесе арнайы салада зерттеулерді жоспарлайды және өткізеді.

Әлеуметтік коммуникативтік қызметі (кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады):

-оқу тәрбие үдерісіне жұмыспен қамтушыларды, кәсіби бірлестіктер, ғылыми ұйымдар, шетел серіктестер өкілдерін тартады;

-білім алушыларда халықаралық ынтымақтастық қабілетін дамытады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде 1 жыл болуы  немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 3 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

Оқытушы

Лауазымдық міндеттері

Оқытушылық қызметі (оқу ақпаратын таратады, өз бетімен оқуға үйретеді):

-әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген және бекітілген талаптарды есепке алып, өз бетімен семинарлар, практикалық және лабораториялық сабақтарды өткізеді;

-мақсатты тілдің тәжірибесі бойынша өз бетімен сабақтар өткізеді (көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқытушылар үшін);

-тәлімгердің жетекшілігімен курстың мақсаттарына сәйкес оқу сабақтарының (семинарлық, практикалық, зертханалық) мазмұнын анықтайды және нысандары, әдістері мен құралдарын таңдайды;

-білім алушылардың өздік жұмысын өз бетімен жоспарлайды және ұйымдастырады.

Тәрбиелік қызметі (білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тартады):

-Қазақстан ұлттық басымдылықтарын есепке ала отырып тәрбие үдерісін үлестіреді;

-дискриминация, экстремизмнің кез-келген түрлеріне қарсы тұру қабілеті бар екенін білдіреді;

-тілдік құзыреттілікті, мәдениет туралы білімді дамытады.

Әдістемелік қызметі (білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады):

-тәлімгердің жетекшілігімен білім ұйымдарының миссиясы мен мақсатына сай авторлық курстарды әзірлейді.

Зерттеушілік қызметі (білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, білім ортасын зерттейді): 

-өз бетімен зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады;

-өз бетімен практикалық педагогикалық қызметінде зерттеу нәтижелерін қолданады;

 

-өз бетімен және әріптестермен өзара әрекеттесе зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізеді;

-әріптестермен өзара әрекеттесе білімнің тәжірибесін жетілдіру үшін психологиялық-педагогикалық ғылыми-зерттеулерді жоспарлайды және өткізеді;

-әріптестерімен өзара әрекеттесе арнайы салада зерттеулерді жоспарлайды және өткізеді.

Әлеуметтік коммуникативік кызметі (кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады):

-оқу-тәрбие үдерісіне жұмыспен қамтушыларды, кәсіби бірлестіктер, ғылыми ұйымдар, шетел серіктестер өкілдерін тартады;

-білім алушыларда халықаралық ынтымақтастық кабілетін дамытады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  Жоғары кәсіби білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл немесе магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қабылдау осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында, яғни 2020 жыл тамыз айының 20-на, сағат 17:00 дейін жүргізіледі:

-конкурсқа қатысу туралы өтініш;

-өмірбаян;

-кадр есебі жөніндегі жеке іс-парағы;

-жоғары білім мен ғылыми және академиялық дәрежесі туралы дипломдары қосымшасымен, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

-қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда);

-ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);

-қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

-наркологиялық ұйымның тіркеуінде тұрмайтыны туралы анықтама;

-психоневрологиялық ұйымның тіркеуінде тұрмайтыны туралы анықтама.

 


 

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады:

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, № 32 үй.

Кадр бөлімімен байланыс телефондары: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27, 6-20-08. Факс: 6-14-63, 6-14-27

Бейсенова Ғалия Қабылбекқызы 87013486021, Электронды пошта  gali_09_21@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.