Студенттерге қызмет көрсету орталығы

Абуова Баян Усербаевна

Бөлім басшысы

Телефон: +7 778 188 15 97

E-mail: bayan.abuova@inbox.ru


Студенттерге қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты - құжаттарды ұйымдастыру және басқару жұмыстарын бақылау, үйлестіру, тексеру және жүзеге асыру.

Студенттерге қызмет көрсету орталығының 2019-2020 оку жылындағы жылдық eceбi

Студенттерге қызмет көрсету орталығы - университеттің  ашылуымен бірге жұмысын бастаған «Сырдария» университетінің негізгі құрылымдық  бөлімі болып табылады. 

Студенттерге қызмет көрсету орталығының тарихына тоқтала кетсек, 1998-1999 жылдар аралығында бөлімді Бейсенова Галия Кабылбекқызы, 1999 жылдан  2002 жылға дейін   Бейсенова  Дамира  Кабылбекқызы басқарды.  2002-2004 жылдары Каракушикова  Гульмира Жексенбайқызы басқарса, 2004-2008 жылдары Сейдалиева Гулзада,  2008-2012 оқу жылы аралығында Сейдикеримова  Дамира, 2012-2013 оқу жылы Каракушикова  Гульмира Жексенбайқызы басшылық етті. 2013 жылдан  бастап қазіргі уақытқа дейін бөлімді Абуова Баян Өсербайқызы басқарып келеді.

Студенттерге қызмет көрсету орталығының құрамында меңгеруші және екі жоғары білікті маман-әдіскерлер жұмыс жасайды.

Студенттерге қызмет көрсету орталығы студенттердің жыл бойғы жұмыстарының барлық түрлері бойынша құжаттарды рәсімдейді. Бөлімнің алдына қойылған міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттарды алу мақсатында университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара тығыз қарым-қатынаста болады. «Platonus» автоматтандырылған  ақпараттық жүйесіне университетте оқитын студенттер контингенті түгел енгізілген.

Студенттерге қызмет көрсету орталығы қызметінің негізгі бағыттары: барлық оқу түрлері бойынша қабылдау комиссиясынан бірінші курсқа түскен студенттердің іс-құжаттарын бұйрықтарына сәйкес қабылдап алу және тексеру, студенттер құрамы бойынша қайта қабылдау, мамандықтан мамандыққа және бір оқу түрінен екінші оқу түріне ауысу, басқа жоғары оқу орнынан ауысу, оқудан шығу бұйрықтарын дайындау,  студенттер қозғалысы бойынша бұйрықтарды электронды деректер базасына (Platonus жүйесіне) енгізу,  студенттер қозғалысы бойынша жасалған, курстан курсқа көшу бұйрықтарының көшірмелерін студенттің жеке іс-құжатына тігу,  мемлекеттік білім беру гранты және келісім шарт бойынша оқитын студенттер қозғалысына есеп жүргізу,  басқа жоғары оқу орнына ауысқан студенттердің іс-құжаттарын даярлау және жіберу,  басқа жоғары оқу орнынан ауысу туралы берілген өтініш негізінде студенттердің іс-құжатын алуға сұраныс хат тағайындау және жіберу, ауысып келген студенттердің жеке карточкасын электронды деректер базасына енгізу, оқу жылының басында статистикалық 3НК - жылдық есебін тапсыру, түлектің еңбек өтілі болған жағдайда еңбек кітапшасын толтыру, студенттермен олардың сұранысы бойынша жұмыс жасау, кіріс және шығыс хаттарымен (ҚР БҒМ оқығаны және диплом алғанын растау туралы сұраныстар т.б) жұмыс жасау, бланкілік өнімдерге (студенттік билеттер, сынақ кітапшалары) сұраныс беру, студенттердің жеке іс-құжаттарын толтырып мұрағатқа өткізу. 


2019-2020 оку жылында «Сырдария» университетінде жалпы студент саны - 3361

Күндізгі бөлімнің контингентін 3 жылмен салыстыру

2017-2018 оқу жылы 2018-2019 оку жылы 2019-2020 оқу жылы
2038 2188 3144

Сыртқы бөлімнің контингентін 3 жылмен салыстыру

2017-2018 оқу жылы 2018-2019 оку жылы 2019-2020 оқу жылы
632 1196 72

Түлектерді 3 жылмен салыстыру

 


Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері:
- барлық оқу түрлері бойынша қабылдау комиссиясынан бірінші курсқа түскен студенттердің іс-құжаттарын бұйрықтарына сәйкес қабылдап алу және тексеру:
- студенттер құрамы бойынша қайта қабылдау, мамандықтан мамандыққа және бір оқу түрінен екінші оқу түріне ауысу, басқа жоғары оқу орнынан ауысу, оқудан шығу бұйрықтарын дайындау;
- студенттер қозғалысы бойынша бұйрықтарды электронды деректер базасына (Platonus жүйесіне) енгізу;
- студенттер қозғалысы бойынша жасалған, курстан курсқа көшу бұйрықтарының көшірмелерін студенттің жеке іс-құжатына тігу;
- бұйрықтардың көшірмелерін бухгалтерияға, тіркеу бөліміне, факультетке беру;
- мемлекеттік білім беру гранты және келісім шарт бойынша оқитын студенттер қозғалысына есеп жүргізу;
- күндізгі, кешкі және сырттай бөлімдерде мемлекеттік грант және ақылы түрде оқитын студенттердің курс, мамандық және факультет бойынша қозғалысына ай сайын есеп беру, жасалған ақпаратты қажетті бөлімдерге (тіркеу офисіне, бухгалтерияға, деканаттарға) беру
- басқа жоғары оқу орнына ауысқан студенттердің іс-құжаттарын даярлау және жіберу;
- басқа жоғары оқу орнынан ауысу туралы берілген өтініш негізінде студенттердің іс-құжатын алуға сұраныс хат тағайындау және жіберу;
- ауысып келген студенттердің жеке карточкасын электронды деректер базасына енгізу;
- оқу жылының басында статистикалық 3НК - жылдық есебін тапсырады;
- диплом толтыру алдында күндізгі және сырттай бөлімде оқитын білім алушылардың іс-құжаттарының толықтығына бақылау жасау;
- түлектің еңбек өтілі болған жағдайда еңбек кітапшасын толтыру;
- студенттермен олардың сұранысы бойынша жұмыс жасау;
- кіріс және шығыс хаттарымен (ҚР білім және ғылым министрлігі, оқығаны және диплом алғанын растау туралы сұраныстар т.б) жұмыс жасау;
- бланкілік өнімдерге (студенттік билеттер, сынақ кітапшалары) сұраныс беру;
- студенттердің жеке іс-құжаттарын толтырып мұрағатқа өткізу.