Ақпараттық және инновациялық технологиялар орталығы

Шпенглер Сергей Андреевич

Ақпараттық және инновациялық технологиялар орталығының меңгерушісі

Телефон: +7 777 356 46 77

E-mail: shpenglersergej@mail.ru

Бейнеролик: https://youtu.be/sX4nrbPorTk

Негізгі жұмыстар

1. Жаңа электрондық оқулықтарды дайындау. Электронды кітапханасының қоры және ҚР ЖОО мен әрекеттестік. Электронды кітапхана қорын құру. Электрондық кітапханадағы Интернет – қорларын арттыру.

«Сырдария» университетінде 2005-2020 оқу жылдар аралығында 320 электронды оқулықтар жасалған. Өңдеу кезінде профессор-оқытушы қажетті оқу материалдарын (силлабустар, КТЖ, жұмыс бағдарламалары, ОБСӨЖ мәтіндері т.б.) пайдалануға берді.

Барлық электрондық оқулықтар Internet Explorer және басқа браузермен ашылады. Оқытушылармен бірге электрондық оқулықтарға қосымшалар еңгізіліп, осы электрондық оқулықтармен ашық сабақтар өткізіледі.

Жаңа оқулықтар университеттің электрондық қорларының каталогіне қосылады және оларды студенттер мен оқытушылар белсене қолдана алады. Электронды оқулықтардың сілтемелері ЖОО ассоциациясы (РМЭБ) қауымдастығына берілген.

2. Университет оқытушылары мен студенттерінің біліктілігін артыру "Интерактивті мультимедиа тақтасын тиімді пайдалану"
3. Университеттің веб-сайттары және компьютерлік сыныбын техникалық жағынан басқару.

Университеттің ресми сайты және электронды кітапхананың қоры

Университет электронды кітапханасы сайтының қоры (www.ko-sirdariya.kz) төмендегі бөлімдерге бөлінген:
1. Фотогалерея
2. Электрондық оқулықтар, кітаптар, нұсқаулар, тесттік сауалнамалар
3. Силлабустар
4. ОБСӨЖ мәтіндер, тапсырмалар
5. Ғылыми мақалалар
6. Университеттің ресми сайты www.sirdariya.kz;
7. 7СЫР газетінің сайты
8. Платон жүйесіне сілтеме

"Интерактивті тақтаны оқу процесінде пайдалану" біліктілігін арттыру курсы

2009 жылдан бастап орталық жыл сайын 3 және 4 курс студенттеріне «Интерактивті тақтаны оқу үрдісінде пайдалану» біліктілігін арттыру курстарын өткізіп келеді. 11 жыл ішінде 2029 студент сертификат алды.

2015-20162016-2017.

2005 жылдан бастап орталық университет оқытушыларымен бірге жаңа электронды оқулықтарды белсенді түрде әзірлеуде, қазір 319 данасы бар, олардың көпшілігі авторлық куәлікке ие.

Сондай-ақ, оқытушылармен бірге университет студенттеріне қашықтықтан оқытуға арналған видео дәрістер дайындап жаңа электронды басылымдармен толықтырылып отырады. 

Орталықтың инфрақұрылымы қазіргі таңда 8 компьютерлік сынып, 5 мультимедиялық кабинет, 2 электрондық оқу залы және 2 лингафон кабинеттерімен жабдықталған. 

Бұл жағдай интернетке қосылудың жоғарғы жылдамдығы мен жаңа технологияларды қолдануда интербелсенді тақталармен жұмыс жасауды, онлайн-семинарлар мен видеоконференциялар ұйымдастыруды жүйелі жүргізіп отыруға мүмкіндік береді.

Электрондық кітапхана ресурстары бойынша «Сырдария» университеті Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында үздік ондықтың төртінші сатысында тұр.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.