"ЖОО кейінгі білім беру" бөлімі

Тоқмұрзаев Бақыт Салманұлы

Бөлім басшысы

философия докторы (PhD)

E-mail: b.tokmurza@gmail.com

1. 2020-2021 оқу жылына арналған академиялық күнтізбе

2. Магистратура. Сабақ кестесі. 1 курс

3. Магистратура. Сабақ кестесі. 2 курс

"ЖОО кейінгі білім беру" бөлімі туралы бейнеролик: https://youtu.be/IRB57OckDMA

Университетте Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (магистратура) лицензияға сәйкес күндізгі бөлімде 6 білім беру бағдарламалар бойынша: 
1. 7М01101-Педагогика және психология
2. 7М01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
3. 7М01601-Тарих педагогтарын даярлау
4. 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау
5. 7М01702-Шет тілі: екі шет тілі педагогтарын даярлау
6. 7М04101-"Экономика"
магистрлер дайындайды. 
 
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (Магистратура) ғылыми, мәдени, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, жоғарғы оқу орындары үшін кәсіптік дайындықты терең меңгерген мамандар мен ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындайды.

Бөлім түлектері бүгінгі таңда Республиканың ЖОО-ында және жергілікті басқару органдарында қызмет атқаруда.

Олар бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өздерінің үлестерін қосып келеді.

ЖООКББ бөлімі жоғары білікті мамандарды әзірлеуде кең көлемдегі білім, ғылым, рухани тәрбие беру, инновация және зерттеу негіздеріне ие.

Біз бүгінде еліміздің ертеңгі үкілеген үміттері – білікті маман әзірлеп жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз.

Магистратураны аяқтаған түлектеріміз Қазақстан және шет елдерде докторантурада және аспирантурада білімдерін жетілдіруде.

«Сырдария» университетінде магистранттар ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша білім алады.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына университеттің білікті ғалымдары жетекшілік жасайды.

Университеттің «Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында» магистранттарға ғылыми жұмыстармен айналысуға толық мүмкіндік жасалған. 

Университетте өзге шетелдік және отандық ЖОО-мен екі жақты байланыстар орнатылған, жоғарғы оқу орындарынан дәріс оқу үшін профессор-оқытушылар арнайы шақырылады.

Магистранттар осы екі жақты байланыстар орнатылған ғылыми орталықтар мен жоғарғы оқу орындарына ғылыми-зерттеу тағылымдамасына жіберіліп отырады.


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі университеттің жоғары білікті ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі ЖОО кафедраларының оқу үдерісін үйлестіруші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес магистрлерді дайындайды.

Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға "магистр" дәрежесі беріледі.

Университет магистратурасында оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) және келісімшарт негіздерінде жүзеге асырылады.

Магистрлерді даярлау университеттің 8 кафедрасында ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша жүргізіледі.

Жыл сайын университетте студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы өткізіледі, мұнда магистранттар өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін баяндап, оларды жариялай алады.

Бүгінгі күні университетте 6 білім беру бағдарламар бойынша мамандарды дайындау жүргізіледі.

Білім беру саласының коды және атауы Даярлау бағытының коды және атауы Білім бағдарламасының коды және атауы
  7М011-Педагогика және психология 7М01101-"Педагогика және психология"
  7М013-Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау 7М01301-"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"
7М01-Педагогикалық ғылымдар 7М016-Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау 7М01601-"Тарих педагогтарын даярлау"
  7М017-Тілдер және әдебиет 7М01701-"Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау"
  бойынша педагогтарды даярлау 7М01702-"Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтарын даярлау"
7М04-Бизнес, басқару және құқық 7М041-Бизнес және басқару 7М04101-"Экономика"
     

Магистранттардың оқу процесі

Магистранттардың оқу жүктемесі олардың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.

Мұның басты бір айғағы ретінде оқу жұмыс жоспарына қойылатын пәндердің жүйелілігін сақтап, пәннің пререквизиті мен постреквизиттерін сақтай отырып қойылуын айтуға болады.

Магистранттардың жеке оқу жоспарында оқыту деңгейі бойынша білім беру бағдарламаларының барлық элементтері мен компоненттері толық көрсетіліп отырады.

Оқу жүктемесі магистранттың барлық оқу әрекетін қамтиды – дәрістер, семинарлар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық жұмыстар, кәсіптік практика, магистрлік диссертация (жоба), өзіндік жұмыс, оның ішінде оқытушының жетекшілімен жүргізілетін жұмыс.

Магистранттың оқу жүктемесін анықтау кезінде оқу жылы нысандарын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта), аралық аттестаттау, практика, каникул кезеңдерінен, қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіруші курста) тұратыны әр магистрантқа ескертіледі.

Траекторияны таңдау және жеке жоспар құру үшін магистранттарға көмек ретінде элективті пәндер каталогы ұсынылады. Алдын ала, әдетте, көктем кезінде оқытушылар магистранттар таңдаған пәндер презентациясын өткізеді, қандай да бір траекторияның ерекшеліктері мен артықшылықтарын түсіндіреді.

Оқу траекториясын таңдауда эдвайзерлер, магистранттарға кеңес беретін, ал қажет болған жағдайда оқытушылар да көмектеседі. Магистранттар саналы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін мәліметтерді алып, келесі оқу жылына элективті пәндер мен оқытушыларды таңдау кіретін жеке оқу траекториясын өз бетінше анықтайды.

Таңдау кезінде магистрант типтік оқу жоспарын, элективті пәндер каталогын, презентациялар кезінде алынған мәліметтерді, эдвайзердің ұсыныстарын басшылыққа алады.

Магистранттың таңдауы «Platonus» автоматтандырылған жүйесі арқылы тіркеледі. Пәндер мен оқытушыларды таңдау негізінде магистранттардың жеке оқу жоспарлары құрылады, оларды факультет деканы бекітеді және офис-тіркеу бөлімінде және магистранттарда сақталады.

Сонымен қатар, магистрант магистрлік диссертация тақырыбын, ғылыми жетекшіні таңдауға мүмкіндігі бар. Магистрантқа бекітілген тақырыптарда ұсынылған, сондай-ақ онда қамтылмаған тақырыптарда магистрлік диссертацияны орындауға құқық беріледі.

Соңғы жағдайда магистрант кафедраға ұсынылған тақырыптың өзектілігін, ғылымилығын, қол жетімді көздермен қамтамасыз етілуін ескере отырып әзірлеудің орындылығын негіздеуді және оның орындалу мүмкіндігін болжанған ғылыми жетекшімен талқылайды.