Тіркеу офисі

Жанаева Айнұр Насырханқызы

бөлім басшысы, магистр

✆ Жұмыс телефоны: 6-14-03
✆ Ұялы телефон: +7702-984-55-07


Бөлімде әр факультетке жауапты 3 тіркеуші, 1 бағдарламашы жұмыс жасайды:
1. Беркинов Ерлан Сабитович - Platonus автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бағдарламашысы
2. Ағайдаров Ерлан Сейітханұлы - Менеджер
3. Шоханов Досхан Ахметханұлы - тіркеуші
4. Ермек Бақдаулет Сабитұлы - тіркеуші

Тіркеу офисі туралы бейнеролик: https://youtu.be/nKqHuQnuIwA

Тіркеу офисінің 2019-2020 оку жылындағы жылдық есебі

"Оқу процесін оқытудың кредиттік технологиясы бойынша ұйымдастырудың ережелеріне" сәйкес 2008 жылы білім алушының оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және оның білімін бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін "Сырдария" университетінің Тіркеу офисі бөлімі құрылып, өз жұмысын бастады.

Осы уақыттан бастап білімгерлердің оқу жетістіктерін тіркеумен айналысу ісі үздіксіз жүргізіліп келеді.

Бөлімді информатика магистрі, Жанаева Айнұр басқарады.

Бөлімнің негізгі қызметтері: 
1. білім алушыларды тіркеу және қайта тіркеу процесін ұйымдастыру; 
2. білім алушылардың академиялық рейтингін есепке алуды жүзеге асыру; 
3. оқу пәндерінің жинақталған кредит/сағаттарын есептеуді жүзеге асыру; 
4. ағымдық, аралық және қорытынды аттестация өткізуді ұйымдастыру; 
5. транскрипт және дипломға қосымша беру, GPA есептеу;
6. білім алушылардың электив пәндерге жазылуын ұйымдастыру және өткізу; 
7. жазғы семестрді ұйымдастыру және өткізуге қатысу; 
8. бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу және қатысу; 
9. университеттің миссиясы, саясаты мен стратегиясына сәйкес өз қызметін орындау; 
10. электрондық журналды толтыру жұмысын бақылау. 

Бөлімнің жұмысы «PLATONUS» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады.

Бағдарлама арқылы оқу үрдісін автоматтандыруға, қашықтан оқытуды талапқа сай ұйымдастыруға қол жеткізілген.
Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау Тіркеу офисінің оқу жылына жасалатын бақылау шараларының кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Бағдарламада жоғары оқу орнының барлық жүйелері мен міндеттері айқындалатын орталықтандырылған ақпарат жүйесі бар.

"Platonus" бағдарламасына оқу орнымыздың оқу үдерісіне қатысты мәліметтері енгізілген. 

Студенттер бағаларын өздерінің жеке кабинеті (логин, құпиясөз) арқылы біліп отырады, ата-аналарға да бүкіл мәліметті біліп отыруына жағдай жасалған.
 

Бөлімнің мақсаты – білім алушының оқу жетістіктерінің барлық мәліметтерін жүйелі тіркеу болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді жүргізеді;
  • академиялық топтар мен лектер құрады;
  • білім алушылардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркейді;
  • білім алушыларды аралық және қорытынды аттестатталуын ұйымдастырады және өткізеді;
  • білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді жүзеге асырады;
  • оқытудың барлық кезеңі ішінде және бүкіл оқыту кезеңінде білім алушылардың игерген кредиттерін есепке алуды жүргізеді;
  • білім алушылардың транскриптін жазып береді;

Құжаттар

1. "Сырдария" университетінің 2020-2021 оқу жылындағы күндізгі және қашықтықтан оқыту бойынша оқу үдерісінің кестесі. Академиялық күнтізбе.

2. "Сырдария" университетінің 2020-2021 оқу жылындағы кешкі, сыртқы оқу түрі бойынша оқу үдерісінің кестесі. Академиялық күнтізбе.

3. Студенттің анықтама – жол сілтеушісі

4. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау өткізу

5. ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта санау ережесі

6. Эдвайзер туралы ереже

7. Жазғы семестрге жазылу өтініші

8. Пән таңдау өтініші

9. Техникалық себептер бойынша апелляция беру бланкі

10. Апелляцияға беру өтініші

11. Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеріне стипендия тағайындау және төлеу ережесі

12. Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау тәртібі

13. DIPLOMA SUPPLEMENT ТОЛТЫРУ МЕН БЕРУ ТӘРТІБІ

ЕМТИХАН КЕСТЕЛЕРІ

1. Диплом жұмыстарын қорғау немесе кешенді емтиханды тапсыру кестесі
2. Мемлекеттік емтихан және диплом жұмыстарын қорғау кестесі
3. "Гуманитарлық білім" факультеті 2019-2020 оқу жылының жазғы сессиясының емтихан кестесі
4. "Жаратылыстану және математика" факультеті 2019-2020 оқу жылының жазғы сессиясының емтихан кестесі
5. "Өнер" факультеті 2019-2020 оқу жылының жазғы сессиясының емтихан кестесі
6. "Дене тәрбиесі және спорт" факультеті 2019-2020 оқу жылының жазғы сессиясының емтихан кестесі

Университетте оқу үдерісін кредиттік технология талаптарына сай ұйымдастыру мақсатында "PLATONUS" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қолданылады.

Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау Тіркеу офисінің оқу жылына жасалатын бақылау шараларының кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Бағдарламада жоғары оқу орнының барлық жүйелері мен міндеттері айқындалатын орталықтандырылған ақпарат жүйесі бар.

"Platonus" бағдарламасына оқу орнымыздың оқу үдерісіне қатысты мәліметтері енгізілген.

Студенттер бағаларын өздерінің жеке кабинеті (логин, құпиясөз) арқылы біліп отырады, ата-аналарға да бүкіл мәліметті біліп отыруына жағдай жасалған.