Оқу-әдістемелік басқарма

ОӘБ басшысы с.ғ.к., доцент Тәжітаева Р.С.

Оқу-әдістемелік басқарма оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару  жүйесіндегі негізгі құрылымдық бөлімі болып саналады.

Университет қабырғасы қаланғаннан бері оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру бойынша сапалы мамандар даярлауды сараптау, оқу процесінің нәтижелерін нақтылау, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының нормативтік құжаттарын әзірлеу міндеттерін орындап келеді.

Өзінің білім беру аясында ҚР БжҒМ нормативтік-құқықтық актілерін, оқу үдерісіЕрежесі мен университеттің Жарғысын басшылыққа алады.

Қазіргі таңда Оқу-әдістемелік басқарма "Сырдария" университеті саясаты мен мақсаттарын іске асыруда келесі қызметтерді атқарады:

  • Оқу үрдісін әдістемелік, ғылыми – әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету.
  • Білім алушылардың контингентін, олардың бейіні, дайындық деңгейі және мүмкіндіктері негізінде әдістемелік қамтамасыз ету.
  • Жұмыс оқу жоспарын мен модульдік білім беру бағдарламасын, оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу және олардың МЖМБС- ның талаптарына сәйкестігін сараптау.
  • Оқытудың жаңа технологиялары, оның ішінде кредиттік оқыту технологиялары бойынша оқу әдістемелік және ғылыми- әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу.
  • Ғылыми жобаларды, ғылыми – әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және олардың нәтижелерін оқу үрдісін енгізу.
  • Оқулықтар, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін, электрондық тасымалдағыш құралдарын және дидактикалық материалдарды әзірлеуді ұйымдастыру және сараптау.
  • Оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында тақырыптық ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарлар, конференциялар, вебинарлар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу.
  • Оқытушылар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
  • Білім алушылардың өзіндік жұмысын және кәсіби практикаларын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
  • Оқу-әдістемелік жұмыстарының мониторингі.

Бұл қызметтер құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен өзара ықпалдастығында жүзеге асырылып, оқу-әдістемелік қызметінде жоғарғы сапаға қол жеткізуге болады.

Оқу-әдістемелік басқарма оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, диспетчерлік, кәсіби практикаға жетекшілік бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді.

umo

1998 жылы "Сырдария" университеті ашылғануақытта оқу-әдістемелік бөлім құрылып, басшылық қызметін 2000-2001 оқужылдары аралығында х.ғ.к., доцент Ө.А. Алтаев, 2001-2003 жылдар аралығында Ғ.Қ. Бейсенова, 2003-2011 оқу жылы аралығында С.Д. Мамраимов, 2011-2012 оқу жылында Б.С. Тоқмурзаев, 2012-2014 оқу жылы аралығында т.ғ.к. С.Н. Апашева, 2014 жылдан бастап оқу әдістемелік басқарма басшысы қызметін с.ғ.к., доцент Р.С. Тәжітаева атқаруда.

Қазіргі таңда, басқарманың құрамында 9 маман қызмет атқарады: басқарма басшысы с.ғ.к., доцент Р.С. Тәжітаева, басқарма басшысының орынбасары ғ.м., аға оқытушы З.М.Оралова, әдіскерлер А.К. Аширханов, Н.Б. Муса, Д.Төлегенова, кәсіптік практика жетекшісі К.Исаева, кәсіптік практика әдіскері Б.Муталиев, диспетчерлер А.О.Ажан, Г. Қанторе.

Құжаттар