Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор

Сламбекова Замзагуль Айнабековна

Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор


Тәрбие жұмыстары бойынша 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары

Білім:

2017-2019 жж. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы. 6M030100 - Құқықтану мамандығы бойынша магистр дәрежесі, академиялық дәреже - заң ғылымдарының магистрі.

1995-1998 жж. Д.А. Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық институты - «Құқықтану» мамандығы бойынша диплом, біліктілігі - заңгер.

1987-1992 жж. Талды-Қорған педагогикалық институты. Жансүгірова - «Ұлттық мектепте орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша диплом, біліктілігі - орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Оның білім беру саласында 20 жылдан астам басқару тәжірибесі бар.

Компания иелері мен орта буын менеджерлері үшін команданы құру, клиенттердің назарын аудару, персоналды тарту, тиімді коммуникация және іскерлік этикет бойынша тренингтердің авторы.

Ол Мәскеу бизнес мектебінде бизнес-жаттықтырушының әдістемелік курсынан өтті және Queen Media-дан бизнес-жаттықтырушының еуропалық курсының сертификатын алды.

Біліктілікті арттыру курстары:

Қыркүйек-қазан 2020

«Федералдық мемлекеттік білім беру стандартын енгізу жағдайында білім беру ұйымдарында орыс тілін оқыту әдістемесі» біліктілікті арттыру бағдарламасы, Смоленск қаласы (біліктілікті арттыру туралы сертификат)

Ақпан 2020 - Қазақстандық кеңесшілер палатасы. «Менеджмент бойынша кеңес беруге кіріспе», Алматы (Сертификат)

2019 жылғы желтоқсан - «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. «Бастау» жобасының бизнес-тренерлерін даярлау, «Нұр-Сұлтан» біліктілікті арттыру курстары (Сертификат)

2019 жылғы шілде - «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. «Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша жаттықтырушыларға арналған тренинг, Алматы (Сертификат)

Наурыз 2019 - Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы. Тұрақты дамудың негізгі құзыреттіліктерін іске асыруға арналған мұғалімдерге арналған семинар-тренинг «Түйінді құзыреттерді енгізу педагогикасы: тиімді әдістер мен құралдар», Алматы (Сертификат)

Маусым 2018 - Назарбаев Университеті және Дьюк Университеті (АҚШ). «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» оқу бағдарламасы, Астана (Сертификат)

Қараша 2017 - Moskow бизнес мектебі. Семинар «Бапкерлер мектебі. Оқытуды үйрен», Алматы

Қараша 2017 - Қазақстан Республикасы Жоба менеджерлерінің одағы. Оқу-оқыту семинары, «PMIBBK Guide 5editon standard негізінде жобаларды басқару практикасы», Талдықорған (Сертификат)

Жұмыс тәжірибесі:

2019 жылғы шілде - 2020 ж. Тамыз Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Бизнес-жаттықтырушы

Ақпан 2018 - наурыз 2019 ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Жетілдірілген зерттеулер орталығының маманы

2010-2014 ж.ж. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы. «Қоғамдық құқық» кафедрасының аға оқытушысы

2007-2010 ж.ж. жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы. Ал туралы. бас Қоғамдық құқық кафедрасы

2004-2007 ж.ж. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы. «Қоғамдық құқық» кафедрасының аға оқытушысы

2003-2004 жж. У.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық институты. Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

2002-2003 Жетісу экономикалық институты. Заң оқытушысы

2001-2002 жж. Жетісу экономикалық институты. Құқықтық пәндер орталығы директорының м.а.

1997-2001 жж. Жетісу экономикалық институты. Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, заң пәндерінің оқытушысы

1994-1996 жж. № 17 орта мектеп. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1992-1994 жж. No 17 орта мектеп. Қазақ тілі мұғалімі


Тәрбие жұмысы

«Тәрбие бөлімі» 1998 жылы қыркүйек айында құрылған.
Негізі қаланғаннан бері оқу процессімен қатар тәрбие процесі үздіксіз жүргізіліп отырады.
Ұлы ғалым Әбу насыр Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші – білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы. Ал келешекте оның барлық өмірін апат етеді», – деген екен.

Өскелең ұрпаққа адамзат тарихына да ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, елжандылықты дамыту – қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.

«Сырдария» университетінде «Тәрбие бөлімін» тәжірибелі профессор-оқытушылар басқарып өздерінің үлгілі өнегелерін студент жастардың бойына сіңіріп келеді.

Қазіргі таңда тәрбие істері жөніндегі проректор қызметін атқарып, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде сүбелі үлесін қосып келеді.

Тәрбие үрдісінің мақсаты – студент тұлғасының жан-жақты үйлесімді дамуы. Ол келесідей бағыттарға негізделген:
- белсенді өмір көзқарасына дағдыландыруға;
- өзін-өзі тәрбиелеу, қалыптастыру және өзін-өзі бақылау қабілетіне;
- жеке құндылық сезімін тәрбиелеуге;
- Қазақстан Республикасының дамуы мен жандануына деген намыс, мақтаныш көзін дамытуға;
- рухани және адамгершілік қабілетін қалыптастыруға;
- салауатты өмір салтын ұстануға;
- экологиялық мәдени өмірді қалыптастыру.

Тәрбиенің бастауы – төл халқымыздың ұлағатты әрі тағылымды тірлігінде. Бүгінгі таңда білімге, еңбекке ынта-ықылас жоғары екендігін баршамыз түсінеміз. Олай болмаған жағдайда білікті де білімді, тәрбиелі маман болмайтындығына баршамыз куәміз және де жеке тұлғаның ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуына жағдайлар жасалуы тиіс.

Қазіргі таңда университетіміздің мақтанышы «Қазақстан» студенттер сарайы – Жетісай ауданының сәнін ашып тұрған ең әдемі ғимарат.

Студентер сарайында студенттер бос уақытын өткізе алатын түрлі көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істейді.

Сарай сахнасында салтанатты, мерекелік және мәдени іс-шаралар, концерттер, КТК ойындары өткізіледі. Сонымен бірге, университет студенттері жастар шығармашылығының аудандық, қалалық фестивальдары мен байқауларына қатысып келеді.

Сонымен қатар, университет көлемінде мерекелік іс-шараларды ұйымдастыратын көркемдік жетекші Құттыбаева Мақпал өз біліктілігін жоғары деңгейде көрсетуде.

Құттыбаева Мақпал Тілеубайқызы 1990 жылы қазан айының 18-жұлдызы күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Ленгер қаласында мұғалімдер отбасында туылған. Мақпал Тілеубайқызы 2008 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық институтына «Музыкалық білім» мамандығына түсіп, үздік дипломмен бітіріп шығады.

2011 жылы Алматы қаласында өткен ІІІ-Республикалық студенттер арасында өткен «Музыкалық білім беру әдістемесі» пәнінен олимпиадаға қатысып Ш.Құлманованың алғыс хатымен марапатталды. 2012 жылы Шымкент қаласында «Абайға тағзым» атты рухани-сазды кешті ұйымдастырғаны үшін облыс әкімі А.Мырзахметовтың алғыс хатымен марапатталады.

2013 жылы Мақтарал ауданы Жастары арасында өткен «О.Бөкей оқулары» байқауының ІІІ-орын иегері. Бүгінде студенттерге ғылыми жоба бойынша жетекшілік етіп, «Әл-Фарабидің музыкалық мұрасы» атты тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Бөлімнің қызметі – жастардың қоғамдық-саяси рөлін көтеруге, жастардың оң бастамаларын қолдау мен ынталандыру, отаншылдық, патриоттық сезімін, көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Университеттегі студенттік жастар кеңесін құрудың тиімділігі – студент жастардың тұлға ретінде қалыптасуына жол ашу, жаңашылдық жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген, бүгінгі заман талабына сай жоғары білімді, тәрбиелі азамат пен азаматшаларды тәрбиелеп шығару.

Студент жастар кеңесі құрамы тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асырады. Сонымен қатар әр факультетте белсенді студенттерден құралған «Студенттік өзін-өзі басқару орталықтар» жұмыс жасап, студенттердің жан-жақты білім алуына бойындағы таланттарын әрі қарай дамыту мүмкіндігіне ие болады.

«Сырдария» университетінің негізі қаланғаннан бастап өнерге бейім, дарынды студенттер қолдау мақсатында түрлі бағыттағы үйірмелер ашылды.

Қыздардан құралған «Назерке» бишілер тобы, «Жетісай сазы» халық аспаптар оркестрі, «Сырдария.kz» КТК командасы және студент жастар арасынан «Сырдария» футбол командасы т.б. үйірмелер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда «Сырдария.kz» КТК командасы «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық Жастар Қоғамдық Бірлестігі ұйымдастыруымен өтетін «Жайдарман» ойындарында жоғары деңгейде өнер көрсетіуде.

Студент жастардың қоғамда саяси белсенділігін, тіл шеберлігін дамыту мақсатында университетте 2000 жыл «Жалын» дебат клубы құрылған. Клубқа белсенді жастар мүше. «Жалын» дебат клубы қазіргі таңда аудан көлемінде үздік нәтижеге қол жеткізіуде.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын қолдау мақсатында университет көлемінде «Интеллектуалды жастар», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Жастар қуаты-Қазақстан үшін!», «Туған тіл-тұғырым», «Біз таланттарды іздейміз!», «Өз елім – Отаным», «Патриот болу дегеніміз – Қазақстанды өзінің жүрегінде сақтау», «Тәуелсіз елдің жас түлектері», «Тәуелсіздік апталығы», «Тіл апталығы!», «Абай оқулары», «Мен табиғатпен біргемін» атты акциялар мен байқаулар және т.б. түрлі тақырып аясында мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар университетте «Сырдария» бастауыш партия ұйымы жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде, патриоттық рухта тәрбиелеуде белсенді жұмыс жасауда.

“Нұр Отан” ХДП-ның Мақтарал аудандық филлиалның 2010 жылғы сәуір айының 16-жұлдызында болған жиында “Жетісай-Сырдария” бастауыш партия ұйымынан “Сырдария” бастауыш партия ұйымы бөлініп шықты. Қазіргі уақытта «Сырдария» бастауыш партия ұйымына 208 студент жастар мен 183 ұжым мүше. «Сырдария» БПҰ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұжым мен студенттер арасында эстафеталық жарыстармен бірге нашақорлық, СПИД жұқпалы ауырулардың алдын алу мақсатында аудандық емхана мамандарымен кездесулер ұйымдастырып отырады.

«Сырдария» университетінде жас мамандардың бойында ұлтжандылықты ояту мақсатында еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткерлерімен үздіксіз кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Атап айтар болсақ: олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев, Қазақстан алғаш Тәуелсіздігін алған жылдары ғарышқа көтерілген қазақ ұлы Тоқтар Аубакиров, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының президенті, қоғам қайраткері Сауытбек Абдрахманов және екі рет «Жалын» сыйлығын, үш рет «Қазақ әдебиеті» сыйлығын иемденген жазушы Мархабат Байғұт, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулетов, ақын Ақберен Елгезек, жазушы Шойбек Орынбай, Сарманбай Исахов, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Сәбит Оразбаев пен Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығының директоры ф.ғ.д., профессор Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары Әділханов Дүйсен Бұхарбайұлы, ОҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бөлім бастығы Тасқынбаев Мұхтар Әбдісейілұлы сынды ел ағалары университетте қонақта болды.

Мұндай кездесулер жастарға үлгі өнеге. Алдағы уақытта бұл игі бастама өз жалғасын таба бермек.

«Сырдария» университетті бүгінде жастарға сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруде озық техналогиялар мен әдіс-тәсілдерді қолданып келеді. Бұл да болса, ел болашағы үшін атқарылып жатқан игілікті жұмыстар.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.