Вице-Президент

Есенкуль Сейлова


доцент

Телефон: 8(72534)6-20-08

Есенкуль Сейлова Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Ленин-жолы колхозында (қазіргі Ақ-Арыс ауылы) 1949 жылы дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі жоғары.
1966 жылы Шымкент қаласындағы №7-ші Қ.Сыпатаев атындағы орта мектепті күміс медальға бітірген, сол жылы Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің физика факультетіне оқуға түсті. 3-ші курста отбасы жағдайына байланысты Шымкент педагогикалық институтына ауысып, 1971 жылы аталған институтты физика мамандығы бойынша бітірді.

Image removed.Есенкуль Сейлова еңбек жолын 1971 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында №194 Сунақ-ата орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі қызметінде бастады. 1979-1989 жылдары Шымкент педагогикалық институтының "Педагогика және жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі" кафедрасында зертханашы, кейіннен оқытушы қызметтерінде болды. 1989-1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан өндірістік "Полиграфия" бірлестігінде директордың әлеуметтік мәселелер және кадр жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

1998 жылдан қызметін "Сырдария" университетінде жалғастырып келеді. 1998 жылы "Сырдария" университетінің оқу құралдарымен жабдықтау және компьютер бөлімін басқарды. "Жоғары математика және физика" кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерінде жүріп бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрді.

"Остаточная фотопроводимость в кремнии с многозарядными нанокластерами" атты мақаласы 10-11 маусым 2009 жылы "Ғылым және өндіріс" тақырыбында өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектер жинағында жарияланды. 9-10 желтоқсан 2010 жылы "Демонстрационные и лабораторные приборы солнечных элементов" деген мақаласы "Индустриялық-инновациялық даму процесін зерттеу мәселелері" атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектер жинағында шығарылды және т.б бірнеше еңбектері жарық көрді. Университеттегі физика лабораториясын өз деңгейінде жабдықтауға көп көмегін тигізді. 2002 жылы педагогикалық қызметтегі жетістіктері және университеттің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін Ғылыми Кеңестің шешімімен "Сырдария" университетінің доценті атағы берілді.
1.03.2004 жылдан "Сырдария" университетінің Президенті қызметіне тағайындалып, бүгінгі таңда сол қызметті абыроймен атқарып келеді.

Image removed.Есенкуль Сейловаға 2008 жылы 5-ші қарашада Мақтаарал аудандық мәслихатының шешімімен "Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді. Сонымен қатар Есенкуль Сейлова 2008 жылы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Республикалық "Парыз-2008" конкурсына қатысқаны үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.М. Сапарбаевтың алғыс хатымен, Өзбекстан Республикасы Қазақ Ұлттық Мәдени Орталығының қазақ халқының салт дәстүрлерін насихаттауға және ана тілімізді сақтауға қосып жатқан үлесі үшін Құрмет дипломымен марапатталған.

Image removed.2009 жылы педагогикалық қызметтегі табыстары үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Ы. Алтынсарин" белгісімен марапатталды.

Image removed.Есенкуль Сейловаға 2011 жылы 11-ші сәуірде ҚР Президентінің сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін ҚР Президентінің алғыс хаты берілді. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін облыс, аудан әкімдерінің "Нұр Отан"ХДП дипломдары, алғыс хаттары мен мақтау қағаздарының бірнеше түрін алған.

Жанұялы, жолдасы Аяшев Оңалбай Аяшұлы п.ғ.д., профессор, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.
Үш перзенті бар.