Жақсылықты бірге жасайық!

Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Ал балалар бұл мерекені асыға күтеді. 

Тілектерін жеткізіп, армандарының орындалатынына сенеді. 

Сондықтан балғындардың қуанышын еселей түсу үшін Syrdariya University ұжымы Жетісай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне “Жақсылықты бірге жасайық” қайырымдылық акциясы аясында сыйлық үлестіріп, жаңа жылдық көңіл күй сыйлады.