Университет кітапханасы жаңа оқулықтарымен толықтырылды

Университет кітапханасы Ұлттық аударма бюросы жіберген 100 жаңа оқулықтың 4 кезеңі бойынша аударылған бағалы кітаптармен толықтырылды. 

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. 

Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған соңғы 23 оқулық оқырмандарға пайдалануға берілді. 
Бұл оқулықтар тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, экономика, менеджмент ғылымдары бойынша студенттердің заманға лайық білім алуына тапсырмас құрал екені анық. 

Оқулықтармен университет кітапханасынан таныса аласыздар!