Ғылыми істер жөніндегі проректор

Абдуразова Перизат Аділбекқызы

Ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор,
философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а.

Қабылдау тел.: +7(72534)6-26-93

Қабылдау күні: Сәрсенбі, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

E-mail: nauka.syrdariya@mail.ru

2007 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жаратылыстану факультетін үздік тәмәмдаған. 2017 жылы философия докторы (PhD) ғылыми атағын алу үшін диссертациясын қорғады.

2007 жылдан 2019 жылға дейін "Сырдария" университетінде ассистент, аға оқытушы, жаратылыстану және математика факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 2019 жылдың ақпан айынан "Сырдария" университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор.

ҚР Білім және ғылым министрлігі "Құрмет Грамотасы" (Астана, 2018), А.Байтұрсынов атындағы қола медалі (Алматы, 2018), Үздік ғылым қызметкері медалі (Алматы,2019),. Жетісай қаласы әкімдігінің Алғыс хаты (Жетісай, 2017), "Нұр Отан" партиясы Жетісай аудандық филиалының Алғысы (Жетісай, 2018), "Нұр Отан" партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғысы (Түркістан, 2019), ҚР БҒМ "Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы-2019" мемлекеттік грантының иегері, (Астана, 2019), Түркістан облыстық мәслихаты Грамотасымен (Түркістан, 2020) марапатталған.

Ғалым ретінде мақсатты бағдарламалар, гранттық жобалар, іргелі және қолданбалы зерттеулер әзірлеуге ғылыми жетекші және жауапты орындаушы ретінде қатыса отырып, белсенді жұмыс істейді.  100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.

  • Ғылыми іс-шаралардың жоспары