"Құқық және экономика" кафедрасы

Кафедра менгерушісі Утенов Жұмахан Жарқынбекұлы

Кафедрада төмендегідей білім беру бағдарламалар бойынша бакалавр мамандар даярлайды:

  1. 6В04102-"Қаржы"
  2. 6В04103-"Экономика"
  3. 6В04201-"Құқықтану"
  4. 6В04101-"Есеп және аудит"

және 7М04101-"Экономика" –  бойынша магистрлер даярлайды.

«Экономика» кафедрасының негізі 1998 жылы қаланған. 1998-2004 жылдары аралығында кафедраға э.ғ.к., доцент Н.Б Өткелбаев., э.ғ.к., доцент Е.Төремұратов басшылық еткен. 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраны э.ғ.к., доцент Б. Серіков басқарады. «Құқықтану» кафедрасын 1998-2010 жылдар аралығында «Құқықтану» кафедрасына университет доценті, ағаоқытушы Б.Сахов., з.ғ.д., профессор Т. Жұманов., ф.ғ.д., професор Қ. Ахметов., з.ғ.к., аға оқытушы А.А. Суттибаева басшылық етті.

«Құқық және экономика» кафедрасы 2011 жылы қыркүйек айында «Құқықтану» және «Экономика» кафедраларының негізінде қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі з.ғ.к., аға оқытушы А.А. Суттибаева. 2014-2015 оқу жылының қырқүйек айынан баста «Құқық және экономика» кафедрасының меңгерушісі болып экономика ғылымдарының докторы, профессор, 2013 жылының «ЖОО Ұздік оқытушысы» грантының жеңімпазы Б.Серіков тағайындалған.

Кафедрада 2006 оқу жылынан бастап 6М050600 – «Экономика» мамандығы бойынша магистрлер дайындалуда. Профессор – оқытушылар құрамы 17, оның ішінде 3 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, 5 магистр, аға оқытушы және 2 аға оқытушы бар. Барлық оқытушылардың базалық білімдері оқытылатын пәндерге сәйкес келеді.

Кафедра профессор – оқытушылары тұрақты түрде ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысады. Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми – практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми басылым беттерінде ғылыми – зерттеу мақалаларымен қатар, оқу - әдістемелік материалдарын жүйелі түрде жариялап келеді.

Профессор – оқытушылар жыл сайынғы жоспар бойынша оқу құралдарын, монографияларын, ғылыми мақалаларын баспадан шығарып отырады.

«Құқық және экономика» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды даярлауда аянбай еңбек етуде.

 

Ахметов Кумар Нургалиевич, философиялық ғылымдарының докторы, профессор, МЭГА-ның академигі, үш монографияларының авторы (сотталғандар, балалар мен жасөспірімдердің рухани-адамгершілік дүниетанымдық қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмыстың), 40-тан астам кітаптарының авторы, діни экстремизм мен терроризм, оның ішінде 90-нан астам мақалаларының авторы, «тарихи мәселелер мен адам мәселелері ежелгі Грекия философтардың ілімдерден ...» және неміс ХХ ғасырдың философтар очерктер сериясының авторы, оқу-әдістемелік құралдар, сондай-ақ заңды және эстетикалық білім беру бағдарламасы, Ғылыми кеңестің мүшесі.

Ахметов Кумар Нургалиевич басшылығымен 18 ғылыми кандидат және 6 докторлар дайындалды және қорғалды.
 

Кафедра оқытушылары «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының, сонымен қатар, халықаралық біліктілікті арттыру курстарына тағылымдамаға жіберіледі.Кафедра профессоры Б. Серіков Мәскеу А. Плехов атындағы экономикалық университет, Ташкент филиалында, магистр, аға оқытушы Е.А Бакиров, Ұ. Жұманова «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсынан өткен.

«Құқық және экономика» кафедрасына қарасты «Есеп және аудит», «Қаржы» кабинеттері «Криминалистика» зертханасы әдістемелік қөрнекі құралдармен, жихаздармен жабдықталған. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы бағыты «Әлемдік экономиканың жаһандануы және интеграциялануына байланысты экономикалық білімнің жаңа, ұлттық моделіне негізделген бағытын жүзеге асыру» және «Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру проблемеларын зерттеу және тұжырымдар ұсыну», осы бағытта кафедра ұжымы бірлесіп жұмыс атқаруда (2011-2015 ж.ж.).

Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы жеке жоспарларына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 2014-2015 оқу жылында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда қатынасу дәрежесі 30% жеткізу жоспарланған. Кафедрада «Ақиқат» және «Жас заңгер»студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды.