"Жоғары математика және физика" кафедрасы

Жолдасов Сазахан Аманұлы

кафедра меңгерушісі, техникалық ғылымдарының кандидаты, доцент

Телефон: +7 701 278 98 86

E-mail: joldasov10@mail.ru

«Жоғары математика және физика» кафедрасы 
1. 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау
2. 6В01502-Физика мұғалімдерін даярлау
  білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды.
 
Мырзашөл өңіріндегі орта мектептердегі физика және математика пәні мұғалімдерінің 50%-ға жуығы факультетіміздің түлектері болып табылады. 

Профессор-оқытушылар Халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми басылым беттерінде ғылыми зерттеу мақалаларымен қатар, оқу-әдістемелік материалдарын жүйелі түрде жариялап келеді. 

"Жоғары математика және физика" кафедрасының ПОҚ тізімі
1. Бердалиев Есенали
2. Бердалиева Тила Досыбековна
3. Динасилова М.Б.
4. Жолдасов Сазахан Аманұлы
5. Казакбаев Ж.
6. Мааткеримов Нурсапар Оролбекович
7. Мамбетакунов Эсенбек
8. Наримов Шермат
9. Сапаков Д.А.
10. Тилеубергенова Г.И.

Кафедра ұжымының оқытушы-профессорлар құрамы оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару жоспарына сай дайындап, баспадан шығарып, университет кітапханасының қорын жыл сайын толықтырып келеді. Кафедра дайындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқу-тәрбие үдерісінің әдістемелік қамтамасыздандыру деңгейі мамандар даярлау сапасын жоғарылатудың қазіргі таңдағы талаптарына сай. 

Кафедра интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен заман талабына сай жабдықталған.

Механика, молекулалық физика оқу зертханасында еркін түсу үдеуін Атвуд машинасының көмегімен анықтау және күштердің арасындағы бұрыштарды анықтап тәжірибе жасауға, лабораториялық жұмыс жүргізуге қажетті приборлармен жабдықталған. Студенттер электр тогы және кернеу заңдылықтарын тәжірибе жүзінде өткізіп, өз істеріне зерттеу жүргізе алады.

Оқу процесі барлық қажетті оқу-әдістемелік құжаттармен, оқулықтар және әдебиеттермен қамтамасыз етілген. 

Кафедра ұжымы «Аралас және аралас-құрама түрдегі теңдеулер үшін шеттік есептер және олардың спектральдық мәселелері» бағытында ғылыми жұмыстар жүргізеді. 
 

1

Кафедра туралы

1998 жылы қыркүйек айында құрылған. Алғашқы кезде «Математика және информатика» кафедрасы деп аталған. 2001 жылдан бастап кафедра «Жоғары математика және физика» деп өзгертілді.

Кафедраны ф-м.ғ.к., доцент А.А. Тұрсынов, ф-м.ғ.к., доцент Б. Тілеубердиев, ф-м.ғ.к., доцент Г. Қарашева, ф-м.ғ.д., профессор А. Бердышев, т.ғ.к., доцент Ж.Д. Жаңабаевтар басқарды. Қазіргі таңда кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жолдасов С.А. басқарып келеді.

Бүгінгі күндері кафедрада 17 оқытушы-профессорлар жұмыс істейді, олардың 2-і ғылым докторы, 10-і ғылым кандидаты, 2- аға оқытушы, 3-оқытушы. Кафедраның ғылыми әлеуеті 72%.

Ф-м.ғ.д., профессор Наримов Ш., ф.-м.ғ.д., профессор Шыныбаев М.Д., тех.ғ.к., доцент Жаңабаев Ж.Д., ф.-м.ғ.к., доцент Қарашева К., ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Бердалиев Е., ф.-м.ғ.к., доцент Камбарова О.Б., х.ғ.к., доцент Алматов Д.К., ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Кадиркулов Б.Ж., ф.-м.ғ.к., доцент Байжуманов А., п.ғ.к., доцент Бердалиева Т.Д., т.ғ.к., аға оқытушы Бердышев А.С., ғылым магистрі, аға оқытушы Саулебаев Б.А., ғылым магистрі, аға оқытушы Сапахов Д., ғылым магистрі, оқытушы Казакбаев Ж., ғылым магистрі, оқытушы Сансызбаева А.С., ғылым магистрі, оқытушы Улукбаев Қ.А. т.б. жұмыс істеді. Кафедра профессор-оқытушылары тұрақты түрде ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Қазақстан облысы аумағындағы орта мектептердегі физика және математика пәні мұғалімдерінің 80% -ға жуығы факультетіміздің түлектері болып табылады.
Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми басылым беттерінде ғылыми зерттеу мақалаларымен қатар, оқу-әдістемелік материалдарын жүйелі түрде жариялап келеді. Кафедра профессор-оқытушылары өздеріне бөлінген пәндер бойынша силлабустарын, лекциялар жинағын, тапсырмалар мәтіндерін, ОСӨЖ материалдарын және оқу-әдістемелік кешендерін әзірледі.

Кафедрада 2006 оқу жылынан бастап, 6N010900 – Математика магистрі мамандығы бойынша мамандар дайындалуда. Бұл мамандықтың оқу жұмыс жоспарлары мемлекеттік стандартқа және типтік бағдарламаға сәйкес жасалынған.

Оқу әдістемесі барлық қажетті оқу - әдістемелік құжаттармен, оқулықтар және әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Кафедрада ғылыми жұмыстар келесі бағытта алып барылады: "Аралас және аралас – құрама түрдегі теңдеулер үшін шеттік есептер және олардың спектральдық мәселелері".
Профессор-оқытушылар құрамы келісім- шарт негізінде қызмет етеді.

2004-2005 оқу жылынан бастап кафедра оқытушылары студенттерді кредиттік технология бойынша оқытуда. Оқу пәндерінен силлабустар дайындалды. Барлық оқытушылардың базалық білімдері жүргізілетін пәндері бойынша сәйкес келеді. Кафедраның профессор - оқытушылары толық жүктемемен жұмыс істейді. Кафедра оқу - әдістемелік жұмыстары бойынша барлық қажетті құжаттармен қамтамасыз етілген. Олар: мемлекеттік стандартар, типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, әдебиетер.

11

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРЫ
https://cloud.mail.ru/public/Kte4/38HHU96CL
 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАР

1. Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен
2. Оқытушының жеке жоспары
3. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы кафедраның есебі
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы құжаттар, оның ішінде шетелдерде
5. Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат
6. Оқытушыларының жарияланымдарының тізімі
7. ПОҚ шығарған оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
8. Тәжірибе келісімдері
9. Элективті пәндердің жұмыс берушілерімен келісім хаттамалары
10. Халықаралық ынтымақтастық туралы есеп
11. Жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу туралы ақпарат
12. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған бөлмелері мен зертханалары (атауы, мақсаты, жабдықтары, қажеттіліктері)
13. Тезистерді, ғылыми кеңесшілер мен рецензенттерді бекіту туралы бұйрықтар
14. Дипломдық жұмыс
15. Кафедраның әдістемелік жұмысының жоспары
16. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары
17. Ашық сабақтарға талдау жүргізу хаттамалары

1. 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау


2. 6В01502-Физика мұғалімдерін даярлау

 

БЕЙНЕРОЛИКТЕР. МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ
1. Математика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы https://youtu.be/bKs-pDFuKm0
2. «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы туралы: https://youtu.be/VeH9dwii1Po
3. «Жоғары математика және физика» кафедрасы туралы: https://youtu.be/SA_eERYHVu8
 

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.