"Жаратылыстану" факультеті

Исмаилова Күлайым Бердалықызы

факультет деканы, аға оқытушы
Телефон: 8(72534)6-27-85

Кафедралар

1. "Жаратылыстану ғылымдар" кафедрасы
2. "Жоғары математика және физика" кафедрасы
3. "Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасы

"Жаратылыстану" факультеті төмендегі мамандықтар бойынша бакалавр мамандар даярлайды:

  1. 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау
  2. 6В01502-Физика мұғалімдерін даярлау
  3. 6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау
  4. 6В01504-Химия мұғалімдерін даярлау
  5. 6В01505-Биология мұғалімдерін даярлау
  6. 6В01506-География мұғалімдерін даярлау
  7. 6В01507-Химия-Биология мұғалімдерін даярлау
  8. 6В05101-"Биология"
  9. 6В06101-"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"
  10. 6В06102 -"Информатика"

Факультет төмендегідей мамандықтар бойынша магистрлер даярлайды:
1. 7М01503 - Химия педагогтарын даярлау
2. 7М01504 - Биология педагогтарын даярлау

"Жаратылыстану" факультетінің тарихы

"Жаратылыстану және математика" факультеті 2014-ші жылдың наурыз айынан бастап "Химия және биология" мен "Экономика және математика" факультеттері біріктірілуінің арқасында құрылды.
Жаратылыстану және математика факультетінің құрамына 4 кафедралар кіреді.

Ұжымда белгілі ғалымдар және тәжірибелі педагогтар қызмет атқарады. Ғылыми-педагогикалық қызметпен 60 профессор – оқытушылар жұмыс жүргізуде: оның ішінде ғылым докторы, профессор – 9; ғылым докторы, доцент – 1; ғылым кандидаттары, доцент - 11, ғылым магистрі – 17, аға оқытушы 3, оқытушы - 2. Факультет бойынша ғылыми дәреже атағы бар оқытушылардың үлесі 55 % құрайды. Факультетте оқу үрдерісі оқытудың жаңа жүйесі кредиттік технология негізінде жүргізілуде. Факультеттің материалдық - техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай.

Бүгінгі таңда факультетте "Жалынды жастар" пікір-сайыс клубы, "Жас биологтар", "Зерттеуші химиктер", "Оазис" үйірмелері, "Студенттердің өзін-өзі басқару орталығы", "Қумашылар", "Бесбармақ" КВН командасы, "Ерке" би тобы, "Батырлар мен шымырлар" спорт командасы факультеттің намысын қорғауда.

Факультетте оқитын 597 студенттің заман талабына сай білікті маман болып жетілуі үшін университет тарапынан барлық жағдай жасалған. Студенттердің құрамында 9 мемлекеттік білім грантының иегері, 1 студент президенттік степендиясының иегері, 3 студент университет степендиясының иегері, 4 студент облыс әкімінің жолдамасымен білім алуда, 7 студент 50%, 18 студент 20%, 51 студент 10% жеңілдікпен оқиды.

Үздік оқитын және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын студенттер қатарына Темиш Мейрамбек, Ибраимов Заманбек, Саитов Фарух, Абен Алтынай, Сапаралиева Фариза, Есімханова Мадина, Мырзақұл Ерғазы, Абишова Сандуғаш, Бектемір Гүлназ, Жандосқызы Махаббат, Оңғар Мөлдір, Құрман Айсылу, Амангелдіқызы Аружан, Ермахан Жазира, Сабырдин Гүлназ, Рахман Құрманбек, Құдайберген Жадыра, Тұржан Райхан, Сапар Әсел, Бектұрсын Нұрбол, Шабет Жаудр, Қожабекова Назира, Әбілқайырова Гүлзина, Молдабай Сулухан, Адырова Гулзейнеп, Мейірбек Оралай, Ильяс Азамат, Нарзиева Боханова Мадина, Бесбайқызы Зулфия, Есенгелдиева Данагүл, Ұлықбаев Бедіқожа, Ташибаева Бағила және т.б. есімдерін атауға болады.

Оқу процесі техникалық жабдықтармен, интернет жүйесіне қосылған компьютер орталығымен, оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етілген. Студенттердің сабақтан тыс уақытта өнермен, спортпен айналысуына толық жағдай жасалған. Университетте 300 орындық "Студенттер үйі" және "Қазақстан" студенттер сарайы жұмыс істейді.