Данияр Әсілбек Құрбанұлы - "ASTANA TV" телеарнасының тілшісі

Мен, Данияр Әсілбек Құрбанұлы 1998 жылдың 18 қазан күні, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданынында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ. Үйленбегенмін. Әкем- Данияров Құрбан Махамбетұлы - зейнеткер. Анам - Даниярова Дүйсенкүл Жақсыбайқызы - зейнеткер. Отбасында 4 қыз 4 ұлмыз. Мен үйдің кенжесімсін. Білімім - жоғары.

2004 жылы қазіргі Жетісай ауданы №65 Достық жалпы орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 2015 жылы мектепті үздік нәтижемен тәмамдадым.

2015 жылы Жетісай қаласында орналасқан "Сырдария" университетіне "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығына оқуға түстім. 2019 жылы жоғары оқу орнынын "үздік дипломмен" аяқтадым. 

Жоғары оқу орнына түсер кезде, түрлі пікірлер мен ұсыныстар болды. Мәселен, мегаполистердегі үлкен университтерді таңда, онда білім бар, мұнда білім жоқ деген сияқты. Бірақ мен өзімнің туған жерімде орналасқан "Сырдария" университетін таңдадым. Өкінбеймін.

Сондай оқу ордасынан білім алғаныма қуаныштымын. Айналамдағы қоғамға, достарыма университеттің ауданда орналасса да деңгейі жоғары екенін дәлелдей алдым. Жоғары оқу орнының басшыларының атап айтар болса, Есенкүл Сейілқызының қолдауымен оқу төлемақысына 50 пайыздық жеңілдікпен оқыдым.

Сонымен қатар, басқа қалаларда орналасқан университеттерде академиялық ұтқырлықпен практикаларымызды жүргізіп, білімімізді одан әрі жетілдіре түстік. Қала берді, өз арманыа қол жеткізуде түрлі облыстық-республикалық байқаулар мен олимпиядаларға қатыстық.

Студент кезімде өзімнің карьерамды ашып айтар болсам 2017 жылдың мамыр айынан бастап, "САНҰР TV" қоғамдық телерадиокомпаниясында тележүргізуші-тілші, монтажер қызметіне орналастым. 2 жылдан астам уақыттан кейін республикалық "ASTANA TV" телеарнасына ауыстым.

Бүгінгі таңда, қалың бұқараға көгілдір экран арқылы ақпарат таратып жүрген тілшінің бірімін. 

Мекен-жайым: Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы С.Сейфуллин көшесі № 41 үй.

Бітіру жылы