Серік Оналбайұлының "Сырдария" Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен онлайн кездесуі

Бүгін 16 қыркүйекте сағат 10:00-де "Сырдария" Бастауыш партия ұйымының мүшелері Праймеризге үміткер Серік Оңалбайұлымен Zoom бағдарламасы арқылы онлайн кездесу өткізді.

         Қатысушылар: Ғылыми кеңес мүшелері, декандар, кафедра меңгерушілері, бөлім басшылары.

Ал сағат 12:00-де «Қазақстан» студенттер сарайында Праймеризге үміткер Серік Оңалбайұлымен оффлайн (ашық) кездесу өтті.

         Кездесу барысында қатысушылар тарапынан үміткерге маңызды сұрақтар қойылды, тілектер мен ұсыныстар айтылды. Праймеризге үміткер Серік Оңалбайұлы қызығушылық танытқан сұрақтарға ықыласпен жауап беріп, өз пікірімен бөлісті.

         Кездесу жанды, мәнді және қызықты өтті.