Университет жастары сіздерді оқуға шақырады!

SYRDARIYA STUDENTS' UNION

            Университетте студенттердің  жігерлі тіршілік жасауына, адамгершілік тұрғыдан өсуіне   және өзін-өзі басқару, тәрбиелеу, ақыл-ой парасатының, мәдениетінің, өнегелі әдептілігінің  қалыптасуына барынша назар аударылады.

            Студент жастар кеңесі тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асырады. Әр факультетте белсенді студенттерден сайланған студенттік декандар, студенттердің жан-жақты білім алуына бойындағы таланттарын әрі қарай дамыту мүмкіндіктеріне үлес қосады.

            «Сырдария» университетінің негізі қаланғаннан бастап өнерге бейім,  ғылым сүйер және дарынды студенттерді қолдау мақсатында түрлі бағыттағы үйірмелер ашылды.

            Қыздардан құралған «Назерке» би тобы, «Жетісай сазы» халық аспаптар оркестрі студенттерді шығармашылық тұрғыдан танытады.

            Студент жастардың әлеуметтік даму барысындағы тәрбие жұмыстары жыл басында бекітілген жоспар бойынша өткізіліп келеді. Жыл басында факультет декандарымен кеңесе отырып, студент жастар арасынан студенттік декандар мен студенттік ректор сайланады. Жастар бөлімінің студенттік ректорат құрамы студенттік ректор, студенттік проректор, студенттік декандардан тұрады.

            Университетте студент жастардан құралған «Елбасы серіктестері» еріктілер ұйымы, «Достық» клубы, «Жалын» пікір талас клубы, «КТК» клубы, «Назерке» би үйірмесі және «Жас Отан» жастар қанаты секілді ұйымдар жұмыс жасайды. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану мақсатында университетімізде «Футбол», «Баскетбол», «Волейбол», «Күрес», «Бокс» секілді спорттық секциялар да жұмыс жасайды.

            Студент жастардың қоғамда саяси белсенділігін, тіл шеберлігін дамыту мақсатында университетте «Жалын» дебат клубы құрылып, оған белсенді жастар мүше болды. «Жалын» дебат клубы аудан және облыс көлеміндегі пікірталас сайыстарында оқу ордамыздың абыройын асқақтатып үздік нәтижеге қол жеткізді.

            «Сырдария құрамасы» -  «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық Жастар Қоғамдық Бірлестігі ұйымдастыруымен өтетін «Жайдарман» ойындарында жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен жайдарман тобы. 2014ж. Республикалық Премьер лигаға жолдама алды және  Премьер лиганың чемпионы деген атаққа қол жеткізді. 2015ж.  Республикалық Жоғарғы лигаға жолдама алды. Жоғары лиганың алғашқы жылында 3-орынды иеленді және  ОҚО әкімінің жүлдесі үшін өткен жайдарманда чемпион болды.

2016 жылы Жоғары лигада тағыда бақтарын сынап 2-орын алды.

2017жылы «Сырдариия» құрамасы екі чемпиондық атақты жеңіп алды.  Жоғары лиганың чемпионы және ОҚО әкімінің кубогыүшін өткен жайдарманда чемпион болды.

 

https://youtu.be/wzTmP_potfA