ЖАСТАР

Жастар бөлімі басшысы – Бектемис Мейірхан Мырзаханұлы

Жетісай қ., М. Әуезов, Жастар бөлімі кабинеті (Бас ғимарат)

Телефон: 6-15-52

Ұялы байланыс телефон: +7 707 234 58 13

E-mail: meirhan2019@mail.ru


Бейнеролик: https://youtu.be/wzTmP_potfA

Университетте студенттердің  жігерлі тіршілік жасауына, адамгершілік тұрғыдан өсуіне   және өзін-өзі басқару, тәрбиелеу, ақыл-ой парасатының, мәдениетінің, өнегелі әдептілігінің  қалыптасуына барынша назар аударылады.

    Студент жастар кеңесі тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асырады. Әр факультетте белсенді студенттерден сайланған студенттік декандар, студенттердің жан-жақты білім алуына бойындағы таланттарын әрі қарай дамыту мүмкіндіктеріне үлес қосады.

    «Сырдария» университетінің негізі қаланғаннан бастап өнерге бейім,  ғылым сүйер және дарынды студенттерді қолдау мақсатында түрлі бағыттағы үйірмелер ашылды.

    Қыздардан құралған «Назерке» би тобы, «Жетісай сазы» халық аспаптар оркестрі студенттерді шығармашылық тұрғыдан танытады.

    Студент жастардың әлеуметтік даму барысындағы тәрбие жұмыстары жыл басында бекітілген жоспар бойынша өткізіліп келеді. Жыл басында факультет декандарымен кеңесе отырып, студент жастар арасынан студенттік декандар мен студенттік ректор сайланады. Жастар бөлімінің студенттік ректорат құрамы студенттік ректор, студенттік проректор, студенттік декандардан тұрады.
    Университетте студент жастардан құралған «Елбасы серіктестері» еріктілер ұйымы, «Достық» клубы, «Жалын» пікір талас клубы, «КТК» клубы, «Назерке» би үйірмесі және «Жас Отан» жастар қанаты секілді ұйымдар жұмыс жасайды. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану мақсатында университетімізде «Футбол», «Баскетбол», «Волейбол», «Күрес», «Бокс» секілді спорттық секциялар да жұмыс жасайды.

    Студент жастардың қоғамда саяси белсенділігін, тіл шеберлігін дамыту мақсатында университетте «Жалын» дебат клубы құрылып, оған белсенді жастар мүше болды. «Жалын» дебат клубы аудан және облыс көлеміндегі пікірталас сайыстарында оқу ордамыздың абыройын асқақтатып үздік нәтижеге қол жеткізді.

    «Сырдария құрамасы» -  «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық Жастар Қоғамдық Бірлестігі ұйымдастыруымен өтетін «Жайдарман» ойындарында жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен жайдарман тобы. 2014ж. Республикалық Премьер лигаға жолдама алды және  Премьер лиганың чемпионы деген атаққа қол жеткізді. 2015ж.  Республикалық Жоғарғы лигаға жолдама алды. Жоғары лиганың алғашқы жылында 3-орынды иеленді және  ОҚО әкімінің жүлдесі үшін өткен жайдарманда чемпион болды.

2016 жылы Жоғары лигада тағыда бақтарын сынап 2-орын алды.

2017жылы «Сырдариия» құрамасы екі чемпиондық атақты жеңіп алды.  Жоғары лиганың чемпионы және ОҚО әкімінің кубогыүшін өткен жайдарманда чемпион болды.
 

Жастар бөлімінің мақсаттары міндеттері:

  • cтуденттердің университетті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
  • cтуденттердің əлеуметтік қорғалуына септігін тигізу;
  • cтуденттерде өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру, оларды қоғам өміріне құзіреттілікпен жəне жауапкершілікпен қарауға дайындау;
  • cтуденттердің азаматтық мəдениетін, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, олардың əлеуметтік ер жетуіне, өзіндікке, өзін-өзі ұйымдастырып, дамытуға ықпал беру;
  • cтуденттердің жеке жəне кəсіби сапаларын жүзеге асыруға жəрдемдесу.

Жастар бөлімі келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, студент жастардың әлеуметтік қорғалуы мен құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;
  • университет жастарының санасына отаншылдықты, рухани-адамгершілікті сініру;
  • өзін-өзі басқару және қызығушылықтары бойынша құрылған клубтардың, университеттің қоғамдық ұйымдарының жұмысын үйлестіру;
  • студент жастар арасындағы құқық бұзушылық, жемқорлық іс-әрекеттер мен діни экстремизмге қарсы алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру;
  • қоғамдық-саяси, адамгершілік, этно-мәдени және салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларды ұйымдастыру;
  • студенттер арасында темекі тартатын студенттер санын азайту, нашақорлықпен күрес мақсатында сауықтыру-тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;
  • тілдер кафедрасымен бірлесіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шараларды ұйымдастыру;
  • мәдени және шығармашылық дүниетаным элементтерін, аға буынға деген ілтипатты, адамгершілік-психологиялық қарым-қатынасты насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.

 

 

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.