Ұлағатты ұстаз

7СЫР. Республикалық қоғамдық-саяси газет. №20(20)

Ұлағатты ұстаз туралы шәкірттердің жылы лебіз айтуы үлкен бақыт деп есептейміз.

Қазіргі заман өте күрделі. Жастардың қоғамдык ой-өрісін дұрыс қалыптастыру ұстаздарға байланысты. Терең білім алған шәкірт өз еліне еңбек сініретін азамат пен азаматша болып жетілуі ұстаздар тәрбиесінің арқасы деп түсінеміз.

Біздер «Сырдария» университеті «Химия-биология» факультетінің оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Шыназбек Ибраимовты мақтан етеміз. Осындай ұлағатты ұстаздан білім мен тәлім-тәрбие алғанымызға өте қуаныштымыз.

Шыназбек ағай 1966 жылыТашкент мемлекеттік университетің үздік бітірген соң, Мәскеудегі «В.И.Бернадский» атындағы «Геохимия және аналитикалық химия» ғылыми-зерттеу институтына асперантураға  түседі. 1975 жылы кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап, 1976-1999 жылдары аралығында «ТашГУ»-да Химия факультетінде оқытушы болып қызмет атқарады. Ал 1999 жылы «Сырдария» университетіне қызметке орналасып, биология факультетінде кафедра меңгерушісі, кейіннен декан қызметін атқарады.

Бүгінгі таңда Шыназбек ағай студент жастарды оқытуда құрғак ойға ұрынбай, өз ойын түсінікті, әрі тұшымды етіп жеткізе бітетін университеттің білікті ұстазы. Шәкірттеріне өте құрделі пән болып саналатын химияның қыры мен сырын үйретуде жалыкпай еңбек етіп келеді. Ағайымыздан үйренетініміз өте көп.

Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың «Болмасаң да ұксап бақ деген даналық сөзі бар. Бұл сөз өскелен ұрпак үшін құнын ешқашан жоймайды. Бірнеше студенттер Абай атамыздын сөзін басшылыққа ала отырып, Шыназбек Ибраимов ағайымызға ұқсап ұлағатты ұстаз болуға тырысудамыз.

Ағайдың үйреткен тәлім-тәрбиесін өмірде ұстанатын боламыз.

 

«Сырдария» университетінің «Химия-биология» факультетінің студенттері


 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.