Адами капитал - білім саласын дамыту негізі. Сапарбаева Ұ.

7Сыр Республикалық қоғамдық-саяси газет, №13 (452)

Елбасының «Төртінші өнеркесіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауымен танысып шығып, жаңа заманның лебін байқадық. Осынау үлкен өнеркәсіптік революция жағдайында адами капиталдың алар орны айрықша. Елбасының биылғы Жолдауындағы басымдық берілген міндеттердің бірі де осы адами капитал болып отыр. Адами капиталдың жаңа сапасы бүгінгі күнгі өзекті мәселе екені даусыз. «Өзінің тарихын, тілін, медениетін біпетін, сондай- ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деп көрсетілген Жолдауда. Кез келген қоғамда жастардың бет түзейтін идеалы болуы болашақ үшін маңызды десек, Елбасы Жолдауында қандай адам мемлекеттің құнды капиталы бола алатынын нақты көрсетіп берді.

Мемлекет болашағының кілті - қазіргі жаңа техноло- гияларды меңгерген, сонымен бірге, түп-тамырынан ажырамаған, салты мен дәстұрін, тарихын білетін нағыз сапалы азаматтарда.
Сол адами капиталды дайындап, болашағына жол сілтейтін, келешегімізді кемел біліммен сусындата алатындар - ұстаздар қауымы.

Елбасы өз Жолдауында мұғалім мәртебесіне ерекше тоқталып өтеді. Қазақта «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген сөз бар. Ендеше, баланы тәрбиелейтін мұғалімнің білікті болуы - міндет. Білікті ұстаздан білім алған сапалы ұрпаққа, яғни жаңғырудың негізі бола алатын адами капиталға қол жеткізе аламыз. Демек, бұл Жолдау бізге қай салада болсын, бәсекеге қабілетті маман дайындауды міндеттеуде.
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі - үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл - тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.

Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны, бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуі керек.

Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар си паттарын өзгерту. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

“Сырдария” университеті - 20 жылдық тарихы мен дәстүрі бар, жастарға білім мен тәрбие беретін, Мырзашөлдің рухани байлығы. Университет Отандық ғылым мен білім беру ісінде өзіндік орны бар еліміздің мәдениетті де, зиялы азаматы болуы үшін ана тілін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихын білетін, халқымыздың өнер саласынан жан-жақты білімі бар мамандар дайындауда.


Елбасы қойған биік мақсатқа біз бірлесіп қана, тұрақтылық пен келісімде, түсіністік пен жауапкершілікге ғана қол жеткізе аламыз. Факультет ұжымы сапалы маман дайындауда, ұлағатты жұмысымызда ұжым мүшелерінің белсенділік танытып, бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өз үлестерін қосатынына кәміл сенемін.
Сырдария университетінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, білім жолындағы игі істеріне шығармашылық табыс тілеймін.


Ұлданай САПАРБАЕВА

 

Сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/G7Q3/qwUsd7Zt6

 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.