Университетте қызықты да, тартымды өткен мерейтой. Мереке шымылдығы «Сыр сандықпен» ашылды

7СЫР. Республикалық қоғамдық-саяси газет. Қараша №45 (485) 30.11.2018 жыл (1, 4, 5 бет)

«Сырдария» университетінің 20 жылдық мерейтойына байланысты біраз уақыттан бері іс-шаралар легі іске асып келді.

Соның айқын бір көрінісі мерейтой салтанатының «Сыр сандық» студент-жастар театрының «Ақберен» драмасының премьерасымен ашылуы болды.

Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» әпсанасының желісі бойынша қойылған драманы студент-жастар жоғары деңгейде сахналағаны көрермендердің ықыласынан, келген қонақтардың жылы лебіздерінен де аңғарылып тұрды.

Шер ағаның туындысын драмалаған автор - Айжан қыз, қоюшы режиссер - Қажыбай Айтибаев , театрды ұйымдастырушы - Ләззат Абенова, көмекшісі - Ермекбай Ермахан.

Қойылымдағы рольдерді орындағандар: Құртқа - Назерке Мұса, Ақберен - Ұлжалғас Анарбек, Аңшылар - Даниярұлы Абылай, Икрам Марат, Ана - Айдар Баян, Қасқырлар - Ермекбай Ермахан, Есенбек Еркеғали, Әлібек Нұрдәулет, Ахметов Ибрагим, Әйгерім Шәріпбай, Жұмабек Ұлжан.

Драмада оқиға желісі бойынша анасы тастап кеткен сәби қасқырлар арасында өмір сүріп, тіршілік етеді.

Адамзат баласын бауырына басқан түз тағысының тағдыры, көз ашқалы көкжалдардың ортасында өмір сүріп, өзін солардың ажырамас бауыры санаған Ақбереннің болмысы драмада жас әртістердің сомдауымен жаңа қырынан ашыла түседі.

 

Елбасының жақында "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" атты мақаласының заңды жалғасы ретінде жариялаған «Ұлы даланың 7 қыры» атты мақаласында түркі әлемінін генезисіне тоқталып, «бүгінгі қазақтын сайын даласынан әлсмнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне байланысты.

«Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны колға алу қажеттігін» міндеттеген болатын. Студент-жастар театрының мерейтойлық бастамасы ел президентінің бағдарламасын жүзеге асырудың алғышарты іспеттес.


Премьера соңында п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Түркістан облысы маслихатының депутаты Оңалбай Аяшев: «Мерейтой баршаңызға құтты болсын! Қойылым «драма» болған соң, өте құрделі. Драма авторы - үлкен ғұлама ғалым, жақында. өкінішке орай өмірден өткен. ғасырда бір келетін үлкен атамыз еді. Мұндай шығармалар екінің бірінің қолынан шыға бермейді. Тағдыр бұндай үлкен бақытты кездейсоқ адамға бермейді. Талантты адамдарға береді.

 

...Театр дегеннің өзі өте құрделі нәрсе. Бұл мәдениенің ен биік шыңы. Театрды көрмей, театрды тамашаламай, оның не екенін өмірден көрмей, не екенін білмей кеткен адамдар бар. Мынау Европада асіресе Мәскеуде екі-үш ай бұрын осы қойылымға билет алады. Екі-үш ай бойы күтеді мен театрға барамын деп. Барғанда керемет киінеді, бір-екі сағат бұрын келіп, өзін-өзі көрсетеді. Кофе ішіп, көрмеген адамдарымен кездеседі. Оның бәрін үлкен мәртебе санайды».


... Осы мен шет елге барғанда, бірінші міндетті түрде театрға барсам екен деймін. Талай елде болдым. Біраз театрларды көрдім. Бірақ осы театрдағы мәдениет-тілікті, көрермендердің соған деген ынтасын еш жерде Мәскеуліктермен салыстыруға болмайды. Мәскеуліктер бұл жағынан қарағанда. өте керемет», - дей келе студенттерге алдағы уақытта барлық жағдайлар жасалатынын атап өтті.

Сонымен бірге мерейтойдың қадірлі қонағы, ЖОО қауымдастығының президенті. э.ғ.д., профессор Алшанов Рахман Алшанұлы университет ұжымын құттықтай отырып, оқу орнынын қазіргі таңда ешбір білім ошақтарынан кем түспейтінін және ондағы жастардын таланттарын айрықша атап өтті: «...Жастарға жағдай жасасаң бізде дарынды балалар көп, Дарынды балалар - жастар. Мына спектакльді көріп отырып. Алматыдан арнайы шақырылған әртістер екен деп ойлап қалдым. Болашақта үлкен актер шығатынына ешқандай құман жоқ. Режиссердің қолына түссе болды».


«Сыр сандық» студент-жастар театрының қалыптасуына ф.ғ.к., доцент Абенова Лаззат Усманқызынын ықпалы орасан. Себебі, оқу орнындағы талантты жастарды театр арқылы тәрбиелеп дүниеге деген көзқарасын дамыту, рухани мәдениеті жоғары ұлт жанашырларын дайындау жұмыстары қашан да маңызын жоғалтпақ емес.

 


Бактериологиялық зертхана ашылды


Мерейтой бағдарламасы аясында іске асқан іс-шаралардың бірі - бактериологиялық лабораторияның ашылуы.


Жоғарғы оқу орнындары қауымдастығының Президенту экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Алшанов Рахман Алшанұлына және «Сырдария» университетінің негізін қалаған ғалым педагогика ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Түркістан облысы мәслихатынын депутаты Аяшев Оңалбай Аяшұлы салтанатты түрде ашып берген бактериологиялық зертхана заманауи білім берудегі инновацияның көрсеткіші.


Зертхананы ашудың мақсаты ауыз судың құрамындағы микробтар мен бактерияларды анықтаумен ауыз су сапасын технологиялық қамтамасыз етумен байланысты.
Бактериологиялық зертхана бақыланатын көрсеткіштер және өлшеудің талаптарын регламенттейтін барлық нормативтік құжаттамамен қамтамасыз етілген, толық көлемде кажетті қазіргі заманғы сынау ж
әне өлшеуіш құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Су
- тіршілік көзі. Ауыз судын сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін бұл нысан алдағы уақытта бірегей зерттеулердің негізіне айналатыны сөзсіз.

 


Спорттық нысан ашылды


Елбасының 2018 жылдың 5 қазанындағы Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру міндеттемесіне орай университет бүгінде көптеген игі істерді жүзеге асырып келуде.

Соның бір көрінісі - мерейтой аясында «Назар» спорт алаңының ашылуы.
Университет жастарының спортқа деген қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған алаңды жоғарғы оқу орнындары қауымдастығының Президенті, экономика
ғылымдарының докторы, профессор, академик Алшанов Рахман Алшанұлына және «Сырдария» университетінің негізін қалаған ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Түркістан облысы мәслихатынын депутаты Аяшев Оңалбай Аяшұлы салтанатты түрде ашып берді.

Сонымен бірге, «Құқық және экономика» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Б.Серіков, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының алғашқы түлектерінің бірі Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Асқаров Сәрсен Ербосынұлы өз құттықтауларын жеткізді.


Салтанатты жиын қонақтары университеттің спорттық базасымен де танысты.
«Назар» спорт алаңы алдағы уақытта студент-жастардың салауатты өмір салтын жаксартуға негіз болатыны анық.

 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.