Магистратура

 

2

IELTS, TOEFL, DUOLINGО, CEFR сертификаттары бойынша ақпарат!

Құрметті болашақ магистранттар!

Сіз КТ-ға өтініш берген кезде Ielts, Toefl, Duolingо, Cefr сертификаттары бар екенін көрсеткен едіңіз, БІРАҚ ағылшын тілін тапсырады деп жазылып тұрғанын көріп көптеген сұрақтар туындаған болар...

УАЙЫМДАМАҢЫЗДАР. Сіздер сертификаттарыңызды тестілеуден өткен соң грант конкурсына өтініш берген кезде тапсыратын боласыздар, ал КТ кезінде ағылшын тіліне жауап бермесеңіз болады.

Шектік балдар келесі көрсеткіштерден КЕМ БОЛМАУЫ шарт екенін естеріңізге саламыз:

  • Ielts – 6,0;
  • Toefl – 543 (ITP), 60 (IBT), 498 (PBT);
  • Duolingо – 95;
  • Cefr – B2.

Көрсетілген сертификаттардың біреуі бар болған жағдайда 50 балл саналатын болады.

Магистратураға түсушілерден ГРАНТ КОНКУРСЫНА құжаттарды қабылдау 25 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өткізіледі. Құжаттар онлайн түрде ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы жүргізілетін болады (️бұл жөнінде толық ақпарат 25 тамызға қарай жарияланатын болады).

Кешенді тестілеуге барлығы 3 сағат 55 минут беріледі.

Толық ақпарат төмендегі телеграм арнада

https://t.me/joinchat/AAAAAE8j839GId4ITLkPxA

 

2

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 17 тамызда басталады


Оқуға түсушілердің жеке кабинеттеріне (ҰТО сайтында) КТ өткізілу күні, уақыты және орны көрсетілген жаңа рұқсаттамалар жіберіледі. Тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электрондық нысанда беріледі.

КТ 18 өңірлік тестілеу орталығының базасында компьютерлік форматта өтеді. Академиялық адалдықты сақтау мақсатында әр компьютер бейнекамерамен қамтамасыз етіледі.

Әр қатысушы үшін тестілеу дербес басталады. Тестіленушілер сұрақтарды өткізіп жіберіп, алдыңғы сұрақтарға қайта орала алады және жауап нұсқаларын өзгерте алады. Тестілеу аяқталған соң 30 минут ішінде аппеляцияға тапсыруға болады.

Тестілеу уақыты - 3 сағат 55 минут, тапсырмалар саны - 130.

Комиссия оқуға түсушіні тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін немесе бөгде адам арқылы тестілеуді тапсыруға тырысқаны үшін кешенді тестілеуге жібермеуі мүмкін.

Тестіленушілерді кіргізу және отырғызу кезінде санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады.

 

1

Магистратураға кешенді тестілеу ағымдағы жылдың 2-15 тамыз аралығында өткізіледі.

 

КТ тапсыру туралы ақпаратты өтініш берушілердің жеке кабинетінде https://pvo-zayav.testcenter.kz  сайтынан алуға болады.

Бұл ақпаратты басып шығарудың қажеті жоқ. ⠀⠀

Тестілеу мен апелляция нәтижелерін және  сертификаттарды Ұлттық тестілеу орталығының сайтында ЖСН мен ТЖК енгізу арқылы алуға болады.

 

«Сырдария»

университетіне

оқуға

қабылдау

 

 

 

 

«Сырдария» университетіне оқуға қабылдау

Магистраутра білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау «Сырдария» университетінің оқуға қабылдаудың ережесі негізінде және ректордың бұйрығымен бекітілген қабылдау комиссиясымен жүргізіледі.

Өтініштерді қабылдау мерзімі 2020 жылдың 15 маусым мен 15 шілде аралығында жүргізіледі.

Кешенді тестілеу 2020 жылдың 1-15 тамызы аралығында өтеді, қабылдау ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге арналған білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 20 тамызға дейін жүргізіледі.

Кешенді тестілеуге қатысу құны: 8292 теңгені құрайды.

Магистратураға оқуға қабылдау: Кешенді тестілеу қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Кешенді

тестілеуге

қатысу үшін

құжаттарды

қабылдау

Кешенді тестілеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау

Кешенді тестілеуге қатысу үшін тұлға онлайн өтінішті Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы дербес тапсырады.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш беру үшін түсуші https://egov.kz/ мобильді деректер базасына тіркелуі қажет, содан кейін http://did.gov.kz сайтында Digital ID-сандық төлқұжат жасаңыз (жеке басын растайтын құжат).

Сандық төлқұжатты жасағаннан кейін түсуші ҰТО веб-сайтына өтіп, қажетті деректерді толтырып, тіркелуі керек.

Магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау: https://pvo-zayav.testcenter.kz/login

Кешенді тестілеуге қатысу үшін көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты (бұдан әрі - мүгедектікті белгілеу туралы құжат) ұсынған кезде Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына:

1) жеке аудиторияның;

2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер үшін КТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің оқытушысы болып табылмайтын көмекші және (немесе) есту функциялары бұзылған мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтінішті бере алады.


 

 

ТӨЛЕУ ҮШІН ДЕРЕКТЕМЕЛЕР

Кешенді тестілеуге қатысу құны 8292 теңгені құрайды. Білім беру бағдарламалары тобына түсетін тұлғалар үшін төлемді «Халық банкі» АҚ бөлімшесі арқылы келесі деректемелер бойынша төлеуге болады:

Мекеменің толық атауы: «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

БИН: 000140001853

Банктік реквизиттер

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БИК HSBKKZKX     КБE 16

ИИК KZ536010111000001515

Заңды мекен-жай

010011, Нұр-Сұлтан қ., Жеңіс даңғылы 60

Телефон         +7 (7172) 31 74 04

Электронды пошта: info@testcenter.kz

Сайт: www.testcenter.kz


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымы № 237 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «__» _______  №____  бұйрығына  8 қосымша
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 7-қосымша

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

Тест түрлері

Тапсырма нысаны

Тапсыру тілі

Тест саны

Балл

Шет тілі бойынша тест*

Тыңдалым

Лексика-грамматикалық тест
Оқылым

Ағылшын/ Неміс/ Француз

50

50

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

30

30

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест **

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

30

30

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

20

40

Барлығы

 

130

150

* араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсу үшін араб тілінен түсу емтиханы  тапсырылады.

** шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады.

 



 

Білім беру бағдарламаларының бейіндік тобы бойынша тест тапсырмаларының байқау сынағы http://www.testcenter.kz сайтында «Магистратура мен докторантураға түсушілерге» бөлімінің «Тестілеу форматы» «Кешенді тестілеу» «Онлайн байқау сынағы тапсыру» бөлімшелерінде жақын арада жарияланады.

            «Онлайн байқау сынағы тапсыру» бөлімшесіне сілтеме: http://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/vstupitelnye-ekzameny/podgotovka-pretendentov-k-vstupitelnomu-ekzamenu-po-inostrannym-yazykam-postupayushchim-v-magistratu/index.php. Қазіргі уақытта тек шет тілдерінен тест тапсырмаларын қарауға болады.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.