Джумадиллаев Адил Досанбекович - Мақтарал аудандық Жұмыспен қамту орталығының директорының орынбасары

"Сырдария" университеті – Оңтүстіктің Мақтарал ауданында орналасқан еліміздің жоғары білім беретін оқу орындарының бірі. Бұл бүгінде 300 мыңна аса халқы бар ауданнының оқуға ынталы жастарына жасалған зор мүмкіндік деп ойлаймын. Мен де бір кездері осы оқу орнына көп жастардың бірі болып ауылдан арман қуып келген болатынмын.

2012-2014 жылдар аралығында құқықтану мамандығы бойынша сырттай тәмәмдадым. Университтетте алған білімді бүгінде тәжірибемен ұштастырып жүргеніме міне 2 жылдай уақыт болыпты.

Мен қашанда өзім білім алған оқу орныммен, ұстаздарыммен мақтанамын. Білікті профессор, оқытушылардың тәлім – тәрбиесі бізді алысқа қанат қақтырды. Оқытушы ұстаздарымыз Шекербеков Омар, Елшібаев Сәрсенбек және басқалары да әлі де жадымда. Шәкірт үшін ұшқан алтын ұясы қашанда ыстық сезіледі.

Материалдық – техникалық базасы толыққанды жабдықталған, білім беру стандартына сәйкес студенттерге тиімді оқыту жүйесін енгізген оқу орнының бүгінгі жетістіктері көз алдымызда өтіп жатыр. "Сырдария" университетінің аты жоғарыдан аталып, көркейіп жатса ол біз үшін де қуаныш. Өзінің білім алып шыққан оқу орнымен мақтану әрбір шәкірт үшін маңызды.

"Сырдария" университетінің жұмыс істей бастағанына жиырма жылдай уақыт болыпты. Осы аралықта бұл университетті қаншама түлектер бітіріп шықты. Олардың әрқайсысы еліміздің түрлі өңірлерінде жемісті қызмет етіп жүр.

Жасай бер, жайнай бер, Сырдария! Өзіңмен әлі талай түлектің түлеп ұшатынына сенім мол!

Бітіру жылы