Бекзатов Баянкул - Мақтарал ауданына қарасты Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің директоры

"Сырдария" Университеті қазіргі таңда Республикаға белгілі жоғарғы оқу орнының бірі. Оның материалдық - техникалық базасы толыққанды жабдықталған жоғарғы дәрежеде және кадрлық құрылымы мықты, онда Қазақстанға белгілі ғалымдар да қызмет атқарады. Сондықтан "Сырдария" университетінің келешегі зор, ғұмыры ұзақ деп есептеймін.

Бекзатов Баянкул 2001-2005 жылдар аралығында осы университеттің тарих мамандығын бітіріп шықтым. Ол кезде бізге көптеген ұлағатты тәжірибелі ұстаздар дәріс берді. Атап айтқанда, т.ғ.к. С.Мамраимов, т.ғ.к. С.Апашева, аға оқытушы Ж.Жантөреев сияқты ұстаздардан оқу біліммен қатар жан – жақты тәрбие де алдық. Оқу бітірген соң мен мектепте тарих пәнінен сабақ бердім. Сол кездегі Университетте оқып алған теориялық білімімді іс – тәжірибемен ұштастыра отырып мектептегі балаларға жан – жақты білім беріп оқытып үйретудеміз. Мен, қатардағы мұғалім, одан соң директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары, 2008 жылдан бастап, Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектепке директор болып тағайындалдым.

Менің "Сырдария" университетінің профессор – оқытушыларына алғысым шексіз. Оларға шығармашылық табыс, еңбектеріне үлкен жеміс жеке бастарына мықты денсаулық тілеймін.

Жалпы, "Сырдария" университеттінің өркендей беруіне, Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарында болуына әрқашан тілектестігімді білдіремін.

Жасай бер, Сырдария!

Бітіру жылы