Нарзиева Озада - №3 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінде математика пән мұғалімі

"Сырдария" университеті – Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласында орналасқан еліміздің жоғары білім беретін оқу орындарының бірі.

2005-2009 жылдар аралығында "Физика және математика" факультетінің математика мамандығы бойынша білім грантын жеңіп алып үздік дипломмен тәмәмдадым, сол жылы Мақтарал ауданы Жетісай қаласы №3 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінде 2009-2012 жыл аралығында жұмыс жасап жүріп 2011-2013 жылдары магистратураны математика мамандығы бойынша бітірдім. 2012 жылдан бастап "Жас алаш" жалпы орта мектебінде математика пән мұғалімі және сол 2012 жылы біліктілікті арттыру мақсатында "Назарбаев интеллектуалды" мектебінде курстан өттім.

Университетте алған білімімді бүгінде тәжірибемен ұштастырып жүргеніме міне, он жылдай уақыт болыпты. Қазір 1-ші дәрежелі санатта №89 "Жас алаш" коммуналдық көп салалы жалпы орта мектепте жұмыс істеп жатырмын.

Мақтарал ауданының ұстаздары арасында 2014 жылы 1 – ші орынға ие болдым. Шәкірттерім олимпиададан облыс дәрежесінде жүлделі орындардан көрінді. Менің осындай білімді, білікті маман болып қалыптасуыма өздерінің сүбелі үлесін қосқан "Сырдария" университетінің ұжымына алғысымды білдіремін. Әсіресе сондағы "Жоғары математика және физика" кафедрасының ұжымына ф-м.ғ.к., доцент К.Қарашева, т.ғ.к., доцент Жолдасов С.А., т.б. ұстаздарыма алғысым шексіз.

"Сырдария" университетінің жұмыс істей бастағанына жиырма жылға жуық уақыт болыпты. Осы аралықта бұл университетті қаншама түлектер бітіріп шықты. Олардың әрқайсысы еліміздің түрлі өңірлерінде жемісті қызмет етіп жүр.

Университеттен әлі талай түлектің түлеп ұшатынына сенім мол!

Бітіру жылы