Бастамбеков Бексултан Талғатбекұлы - "№2 орта мектеп" МКМ және "№3 орта мектеп шағын орталығымен" МКМ Химия пәні мұғалімі

МАҚТАНАМЫН СЕНІМЕН – СЫРДАРИЯ!!!

Мен Бастамбеков Бексултан Талғатбекұлы 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы Атамекен ауылы әкімшілігіне қарасты Мақташы ауылында дүниеге келгенмін.

Жастайымнан әке-шешем маған өмірде тек иманды және білімді болсаң ғана жақсы өмір сүрерсің,- деп білімге қатты көңіл бөлуге баулаған. Жалпы орта білімді сонау топырағы ыстық ауылда, яғни "Мақташы" жалпы орта мектебінде алдым. Мектебімде өте мықты ұстаздардан білім алдым. Оларды мен ешқашан тілге тиек етпей, мектептегі өмірімді айтып бере алмаймын. Сол ұстаздарым арқасында, бүгінгі менің өмірімнің жақсы болуы. Сосын 11 сыныпты аяқтап, достарымның барлығы үлкен қалаларға оқуға түсіп жатқанда, мен Мақтаралдың мақтанышы "Сырдария" университетіне 2011 жылдың 15 тамыз күні құжаттарымды тапсырып, "Химия" мамандығының студенті болып оқуға түстім.

Мен университетте жеткен жетістіктеріме Ибраимов Чыназбек, Абилкайыров Сәкен Ысқақұлы, Кобланова Онгаркул Нумахамбетқызы, Абдуразова Перизат, Кулумбетова Онласын Қуатқызы атты ұстаздарым арқылы ғана жетіп отырдым. Олар маған тек білім ғана емес, өміріме қажет тәлім-тәрбие де беріп отырды. Осы ұстаздарға айтар алғысым шексіз. Менің университетімнің материалдық базасы өте жоғары болды. Басқа университеттерден асып түспесе, кем болмады. Университетте студенттер үшін барлық жағдайлар жасалынды.

Кітапханасы мен қашықтықтан оқыту орталығы, инновациялық зерттеу орталығындағы болған кездерімдегі сағынышты сөзбенен жеткізіп бере алмаспын. Білім ордасын мен 2015 жылы үздік дипломменен аяқтап шықтым. Сосын университетімнің берген білімінің арқасында 2015 жылы тамыз айының 14 жұлдызында Қапшағай қаласындағы "№2 орта мектеп" МКМ – нен жұмысқа шақырту алдым. Сосын бір жарым айдың ішінде білімімнің арқасында, екінші мектеп "№3 орта мектеп шағын орталығымен" МКМ-нан шақырту алып, екі бірдей мектептің "Химия" пәні мұғалімі болып жұмыс атқарып келемін.

 

Жас маман болып жүрген мұғалімнің қалайша лезде көтерілді деп, көптеген мұғалімдердің таңданысын оятты. Қапшағайдағы көптеген мұғалімдер менен бітірген оқу орнымды сұраған уақытта, "Сырдария" университеті тұлғаларды шығаратын оқу орны деп мақтанатын кезім болды. Қапшағай қаласында саған оқуға түскісі келетін жас түлектер өте көп.

Мен сенің біліміңді бүкіл Қапшағай қаласына мойындаттым Сырдария!!!

Мақтанамын сенімен – Сырдария!!! Мен саған әрқашанда бас иемін.

"Сырдария" университеті түлегі, "№2 орта мектеп" МКМ және "№3 орта мектеп шағын орталығымен" МКМ Химия пәні мұғалімі Бастамбеков Бексултан Талғатбекұлы

Бітіру жылы