Техникалық қызмет көрсету орталығы

Ырсымбетов Нурлан Сейсенбайұлы

Техникалық қызмет көрсету орталығының меңгерушісі

Телефон: +7 775  877 17 79

E-mail: memati.ru.kz90.90@mail.ru


Бейнеролик: https://youtu.be/sX4nrbPorTk

    Университетте Компьютер орталығы 2003 жылы құрылды.  Бөлімді  Асабаев Орынбай Мәндібайұлы басқарды. 
    Бөлім  алғашқы жылдары «Информатика» кафедрасы оқытушылары мен  информатика пәні  мамандарын даярлауда, оқу үдерісін техника құралдарымен жабдықтау мақсатында  арнайы зертханалар ашу жұмыстарымен айналысты. 
    2010-2013 жылдар арасында Ағманов Асқар Буритайұлы  басқарып, Компьютер орталығында халықаралық мәліметтерді тасымалдайтын техкоммуникациялық жүйемен (internet)  жұмыс істеу жұмыстарын жолға қойды. 
    2014 оқу жылынан бастап 2019 ж. дейін орталықты Алибек Шайыпұлы Алимов басқарды. Қазір орталықты Нурлан Ирсимбетов басқарады.
    Орталықта білікті мамандар АТ желісінің инженер бағдарламашы А.Шефер, және оператор қызметкерлері Т.Зулқайнар, О.Іңкәрбек, М.Сейдуллаев сынды мамандар жұмыс істейді.

    Ақпараттық және инновациялық технологиялар орталығының негізгі бағыттары: қызмет көрсету секторы (оқу процесіне қызмет көрсету, компьютерлік техникаларды жөндеу), бағдарламалық қамтамасыз ету секторы (интернет желісінің жұмысын қадағалау, инновациялық технологияларды ендіру және компьютерлер мен серверлерді бағдарламалық қамтамасыз ету), байланыс секторы (бейнеконференс байланыстарын өткізу).

    2009 жылдан бастап орталық жыл сайын 3 және 4 курс студенттеріне «Интерактивті тақтаны оқу үрдісінде пайдалану» біліктілігін арттыру курстарын өткізіп келеді. 11 жыл ішінде 2029 студент сертификат алды.

    2005 жылдан бастап орталық университет оқытушыларымен бірге жаңа электронды оқулықтарды белсенді түрде әзірлеуде, қазір 319 данасы бар, олардың көпшілігі авторлық куәлікке ие.

    Сондай-ақ, оқытушылармен бірге университет студенттеріне қашықтықтан оқытуға арналған видео дәрістер дайындап жаңа электронды басылымдармен толықтырылып отырады. 

    Орталықтың инфрақұрылымы қазіргі таңда 8 компьютерлік сынып, 5 мультимедиялық кабинет, 2 электрондық оқу залы және 2 лингафон кабинеттерімен жабдықталған. 

    Бұл жағдай интернетке қосылудың жоғарғы жылдамдығы мен жаңа технологияларды қолдануда интербелсенді тақталармен жұмыс жасауды, онлайн-семинарлар мен видеоконференциялар ұйымдастыруды жүйелі жүргізіп отыруға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар университетте 9-12 тыңдаушыға арналған 3 дана Mindstorms Education EVЗ LEGO роботтарымен жабдықталған робототехника лабораториясы бар. 

    Университетте 388 компьютер, 24 интербелсенді тақта, 5 смарт тақта, 24 мультимедиялық проектор, 2 бейнеконференция залымен қамтамасыз етіліп, оқу үдерісіне қолайлы мүмкіндіктер туғызылған. Компьютер орталығы қарамағында он жеті оқу үдерісіне пайдаланылатын компьютер сыныптары, лингафон кабинеті, компьютерлік желілер лабораториясы, қашықтан оқыту орталығы, виртуалды кітапхана, мультимедия кабинеті және компьютерлік қызмет кабинеттері жұмыс істейді.

    Компьютерлік орталық сыныптары заманауй компьютерлермен жабдықталған: Intel(R) Core(TM) i5-3470 CPU 3.20GHz (4 CPUs), Intel(R) Core(TM) i5-3330 CPU 3.00GHz (4 CPUs), Intel(R) core i3-2120 CPU 3.30 GHz(4CPUs), 15 WIBTEK моноблок Core I7 3.4 GHz, 8 Gb RAM, 500HDD, kmp.

    Электрондық кітапхана ресурстары бойынша «Сырдария» университеті Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында үздік ондықтың төртінші сатысында тұр.

    Нормативтік құжаттар

     

    Негізгі жұмыстар

    1. Жаңа электрондық оқулықтарды дайындау. Электронды кітапханасының қоры және ҚР ЖОО мен әрекеттестік. Электронды кітапхана қорын құру. Электрондық кітапханадағы Интернет – қорларын арттыру.

    «Сырдария» университетінде 2005-2020 оқу жылдар аралығында 320 электронды оқулықтар жасалған. Өңдеу кезінде профессор-оқытушы қажетті оқу материалдарын (силлабустар, КТЖ, жұмыс бағдарламалары, ОБСӨЖ мәтіндері т.б.) пайдалануға берді.

    Барлық электрондық оқулықтар Internet Explorer және басқа браузермен ашылады. Оқытушылармен бірге электрондық оқулықтарға қосымшалар еңгізіліп, осы электрондық оқулықтармен ашық сабақтар өткізіледі.

    Жаңа оқулықтар университеттің электрондық қорларының каталогіне қосылады және оларды студенттер мен оқытушылар белсене қолдана алады. Электронды оқулықтардың сілтемелері ЖОО ассоциациясы (РМЭБ) қауымдастығына берілген.

    2. Университет оқытушылары мен студенттерінің біліктілігін артыру "Интерактивті мультимедиа тақтасын тиімді пайдалану"
    3. Университеттің веб-сайттары және компьютерлік сыныбын техникалық жағынан басқару.

    Университеттің ресми сайты және электронды кітапхананың қоры

    Университет электронды кітапханасы сайтының қоры (www.ko-sirdariya.kz) төмендегі бөлімдерге бөлінген:
    1. Фотогалерея
    2. Электрондық оқулықтар, кітаптар, нұсқаулар, тесттік сауалнамалар
    3. Силлабустар
    4. ОБСӨЖ мәтіндер, тапсырмалар
    5. Ғылыми мақалалар
    6. Университеттің ресми сайты www.sirdariya.kz;
    7. 7СЫР газетінің сайты
    8. Платон жүйесіне сілтеме