"Күз сыйлаған кітаптар" атты кітап жәрмеңкесі

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті профессор-оқытушылар мен студент жастар!!!

Сіздерді ғұлама ғалымдарымыз Абай Құнанбаевтың 175 жылдық және Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған «Күз сыйлаған кітаптар» атты кітап жәрмеңкесіне шақырамыз. 

Біз сіздерге Ұлы ғалымдарымыздың ең қызықты, өмірлеріңізге маңызды деген кітаптарын ұсынатын боламыз. 

Келіңіздер!!! 

Көріңіздер!!!

Өтілетін орны: Бас оқу ғимаратының кітапханасы 

Уақыты: 27.10-2.11.2020 жыл аралығы.
 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың стандарт нормалары

2020 жылдың 26 қазан күні "Сырдария" университетінің Syrdariya University Students Union Төрағасы, Жастар бөлімінің басшысы Мейірхан Мырзаханұлы және Түркістан облысы, Жетісай ауданының "Адалдық алаңы" Жобалық Кеңсесінің жетекшісі Мұхтар Бейсенбаев университет студенттерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың стандарт нормаларын орындау мәселесін талқылады. 

Өз кезегінде Мұхтар Бейсенбаев "Адалдық алаңы" Жобалық Кеңсесінің атқарған жұмыстары және алдағы жоспарымен бөлісті. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың стандарт нормалары

2020 жылдың 26 қазан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың стандарт нормалары тақырыбында онлайн форматта талқылау өтеді. 

Спикер Түркістан облысы, Жетісай аудандық "Адалдық алаңы" Жобалық Кеңсесінің жетекшісі Мұхтар Бейсенбаев.

Модератор Syrdariya University Students' Union төрағасы, Жастар бөлімінің басшысы Мейірхан Мырзаханұлы
Онлайн кездесу Zoom бағдарламасымен өтеді.

Идентификатор: 375 174 0323

Пароль: 878787
 

SU Talks: Шоқтығы биік - Бөрі Иса

Ол танымал, өнерлі бола тұра байлықты мұрат еткен емес. 

Ол күйші ғана емес, қазақы мәдениеттің ең озық үлгілерін бойына сіңірген адам. 

Ол сыпайы, ішкі мәдениеті өте жоғары азамат. 

Ол - күйші, Мәдениет қайраткері Бөрі Иса. 

Саналы ғұмырын білім мен мәдениетке арнаған өнер иесімен еркін тақырыпта сұқбат болып өтті.
 

Участие в международной конференции

22-23 октября 2020 года в Чирчикском педагогическом институте Ташкентской области прошла республиканская научно-практическая конференция «Инновационные методы использования современных информационных технологий в образовании».

Цель проведения конференции заключалась в обмене передовым опытом и знаниями в сфере педагогики и информационных технологий. 

С университета «Сырдария» с приветственным словом выступила доктор философии (PhD), проректор по научной работе и международным отношениям П.А.Абдуразова. 

«Сырдария» университеті студенттерге грант тағайындады

22 жылдан бері жоғары білім саласында үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан іргелі оқу ордасы студенттерге жоғары білім беріп, көптеген салаларда сапалы мамандар даярлауды жолға қойған.

«Сырдария» университеті студенттері мен қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселесі үнемі университет басшыларының тікелей қадағалауында болады. «Университетке ақылы негізінде қабылданған студенттерге оқу төлемақысына берілетін жеңілдіктер туралы ережесіне» сәйкес ақылы бөлімде оқып жүрген студенттер үшін біршама қаржылай жеңілдіктер қарастырылған.

Мен Туымды мақтан етемін! Я горжусь своим Флагом!

Мен Туымды мақтан етемін!

Я горжусь своим Флагом!

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалаыу.

Көк емес ол тектен-тек – 

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті – алтын күн,

Асқақ арман – қыраны,

Жалауы бұл – Халқымның мәртебесі, туы, ары.

 

Сұлтан Қалиев
 

Студенттер үшін жаңа әдебиеттер

«Сырдария» университетінің кітапханасы «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Педагогика және психология», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Дизайн», «Экономика», «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламалары бойынша жаңа әдебиеттермен толықтырылды. 

Тәрбие жұмысын жандандырудың жаңа кезеңі

Қашықтықтан оқыту форматы кезінде тәрбие жұмыстары жаңа бағытта жүргізілуі шарт. 


Бұл тақырып 22 қазан күні Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Л.У. Абенова мен Жастар бөлімінің басшысы М. Бектемістің ұйымдастыруымен өткен Тәлімгерлердің онлайн кездесуінде қозғалды. 


Кездесуге оқу ордамыздың факультет декандары, кафедра меңгерушілері, тәлімгерлер қатысты. 


Тәрбие үдерісін жүргізуде барлық тәлімгерлер ерекше белсенді болуы қажет. 

"Шоқтығы биік - Бөрі Иса"

2020 жылдың 23 қазан күні сағат 11:00-де аты аңызға айналған күйші, Мәдениет қайраткері Б. Исамен сұқбат өтеді.

Сұқбатты Инстаграм желісіндегі @syrdariyaunion парақшасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Бұл өте қызықты болады!

Қош келдіңіз!