Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау орталығында

«Педагогика және психология» 2 - курс магистранты Әжмәмбет Әсем өзінің диссертациялық жұмысына байланысты
1-курс студенттеріне «Мен және менің ортам» атты тренинг өткізді.
Тренинг барысында 
өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіріп, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениеті де көрсетілді.
«Мен» концепциясын қалыптастыру, адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну, өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерінің маңызды екендігін айта кетті.
Топта өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне, белсенді жұмыс жасауға, ниетті қалыптастыру мақсатында студенттермен байланысты жан-жақты қамтып, кең көлемде өткізді.
Психологтармен танысу студенттермен одан әрі тығыз қарым-қатынас жасауға ықпал етеді. 
Сенім жағдайында психологпен жақынырақ танысқаннан кейін студенттер жеке консультацияларға бару арқылы психологиялық көмекке жүгінеді.