“Qyz Jibek” қыздар клубы: сырласу кеші

«Жаратылыстану» факультеті жанынан ашылған «Qyz Jibek»қыздар клубының жұмыс ұйымдастыруымен 3 наурыз күні сырласу кеші іс-шарасы өтті.

Қыздар клубы, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеуді мақсат тұтып келеді.

Іс-шара барысында «Анасымен қызы сырласу» айдарында п.ғ.к., доцент Торғай Игенқызы мен Химия-Биология білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Арайлым Жарқынбекқызы қызды қырық үйден тию, қыз жат-жұрттық, жасөспірім кездегі қызбала тәрбиесі, жас келін қандай болу керек т.б. ұлттық дәстүрімізді ашып көрсететін сұрақтар төңірегінде бір-бірімен сыр бөлісті.

Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Замзагуль Айнабекқызы студент қыздарды 8–наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесімен құттықтап, клуб жұмысына сәттілік тіледі. Топ тәлімгерлері Ү.Ахынова мен Ф. Сүлейымбекова клуб мүшелерін құттықтай оырып, «Қыз сезім»монологын оқыды .п.ғ.к., доцент Торғай Игенқызы «Анаға сәлем» өлеңімен аяқтады. Студенттер сырласудан өздеріне қажетті көп тәлім-тәрбиені алғанын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

Факультет деканы Күлайна Әліқұлқызы студенттерге: З.Ахметованың «Шуақты күндер», М.Шахановтың «Төр ана», А.Қалыбекованың «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» атты кіттаптарын оқуды ұсынып, жүрек жарды ізгі ниет-тілектерімен бөлісті.

Іс-шарадан студент жастар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарынан сыр шертер тағылымы мол тәрбие алып, болашақ өмірлеріне жол сілтеді.